18.06.2012

Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 219 бұйрығын қараңыз.


      "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 800 қаулысына  
қосымша        

Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары

      1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
      2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
      3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
      4. Биотехнологиялар.
      5. Химия және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
      6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
      7. Баламалы энергетика және энергия тиімділігі технологиялары.
      8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.


Дата вступления в силу:  18.06.2012
Дата изменения акта:  25.12.2015
Дата принятия акта:  18.06.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012.08.16. № 516-521 (27594); "Казахстанская правда" 16.08.2012 г., № 271-273 (27090-27092); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, № 783-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  800
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  008003000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz