"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 667 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) ұлттық қауіпсіздікті:
      қаржылық мониторингті жүзеге асыру және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;
      салық, кеден және бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттік мүлікті ұтымды пайдалану және сақтау;
      қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру кезінде қамтамасыз ету;»;
      31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарына қатысты актілерді, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерiн, тексерулердің жарты жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «37-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу;»;
      58) тармақша алынып тасталсын;
      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «60) конкурстық iс жүргізу, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезінде кредит берушілер комитетiнiң құрамын бекiту;»;
      97)98)99) және 101) тармақшалар алынып тасталсын;
      102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «102) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерiн келісу;»;
      103)104) және 105) тармақшалар алынып тасталсын;
      107) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «107) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылғаны анықталған жағдайда, сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушының шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;»;
      108)109)132) және 153) тармақшалар алынып тасталсын;
      182-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «182-4) Қазақстан Республикасының Үкiметiне бақылау іс-шараларының, оның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер беру;»;
      мынадай мазмұндағы 191-1), 191-2), 191-3) және 217-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «191-1) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асыру;
      191-2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асыру;
      191-3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен келісім бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталған Бұзушылықтар сыныптауышын әзірлеу және бекіту;»;
      «217-1) квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын төлем тапсырмаларына тексеруді жүзеге асыру;»;
      220) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «220) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тоқсандық және жылдық бюджеттік есептіліктерін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 251-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «251-2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;»;
      259)267) және 268) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «259) бюджеттiк инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін әдiснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
      «267) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттiң кепiлгерлiктерi бойынша борыштың ахуалын және алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды жүргiзу;
      268) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингiн жүргiзу;»;
      мынадай мазмұндағы 280) тармақшамен толықтырылсын:
      «280) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов