02.05.2012

"Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 8 сәуiрдегi № 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 181-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде:

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Ет және ет өнiмдерiн буып-түю, таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргiзiледi.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



Дата вступления в силу:  02.05.2012
Дата изменения акта:  30.01.2017
Дата принятия акта:  02.05.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 9 маусымдағы № 308-312 (27386); "Казахстанская правда" от 09.06.2012 г. № 178-180 (26997-26999); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 641-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  65145
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  567
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005010000000 / 019006000000 / 001008000000
Форма акта:  ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz