02.05.2012

"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуге";
      5-тармақта:
      14) тармақшада "бөлік) қамтамасыз етеді." деген сөздер "бөлік);" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуді қамтамасыз етеді.";
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ 566 қаулысына  
қосымша        

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына
1-қосымша                     

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы сатып алынатын
медициналық техниканың тізбесі

Р/с №

Атауы

1

2

1.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін уретеропиелоскопы бар контактылы лазерлік литотриптер

2.

Қалалық емханалар үшін цифрлық радиологиялық жүйе

3.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін лапароскопиялық хирургияға арналған бейнеэндоскопиялық кешен

4.

Босандыру ұйымдары үшін датчиктер жинағы және принтері бар УДЗ аппараты

5.

Глаукомалық кабинеттер үшін құрамдастырылған лазерлік қондырғы

6.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін датчиктер жинтығы мен басқару панелі бар УДЗ аппараты

7.

Қалалық емханалар үшін рентгендік флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат

8.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-доғасы бар жылжымалы ренгенохирургиялық қондырғы

9.

Онкологиялық диспансерлер үшін сұйық цитология аппараты

10.

Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жылжымалы рентгендік флюорографиялық цифрлық кешен

11.

С-доға түрі бойынша хирургиялық рентгендік жүйе–ұтқыр аппарат (телевизиялық жүйені цифрлық күшейткіші бар)

12.

Глаукомалық кабинеттер үшін ретиналдық томограф

13.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-тәріздес штативі бар рентген аппараты

14.

Перинаталдық орталықтар/медициналық-генетикалық бөлімшелер үшін бағдарламалық қамтамасыз етілген және датчиктер жинағы бар УДЗ аппараты

15.

Аудандық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф

16.

Қалалық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф

17.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендиагностикалық кешен

18.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін толық эндоскоптар сызығы бар эндоскопиялық бейнетаған

19.

Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жұмыс станциясы және 3 жұмыс орнына арналған оцифровщигі бар рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

20.

Аудандық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

21.

Қалалық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

22.

Балалар ұйымдары үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

23.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

24.

Аудандық емханалар үшін рентгендік цифрлық жылжымалы маммограф

25.

Кардиологиялық қызмет үшін ангиограф

26.

Компьютерлік томограф

27.

Магниттік-резонанстық томограф

28.

Кардиологиялық қызмет үшін бижоспарлық балалар ангиографы

29.

Глаукомалық кабинеттер үшін офтальмоскоп

30.

Глаукомалық кабинеттер үшін контактысыз тонометр

31.

Глаукомалық кабинеттер үшін компьютерлік периметр

32.

Глаукомалық кабинеттер үшін саңылаулы шамы бар, алдыңғы бөлікке арналған оптикалық когеренттік томограф

33.

Кардиологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін жүрек пен тамырларды УДЗ диагностикалауға арналған аппарат


Дата вступления в силу:  02.05.2012
Дата изменения акта:  02.05.2012
Дата принятия акта:  02.05.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012.08.08. № 477-482 (27555); "Казахстанская правда" 08.08.2012 г., № 256-257 (27075-27076); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 640-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  65144
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  566
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006003000000 / 024000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / ИЗМ / ДОП
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz