"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 550 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялықжоспарында:
      "4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту" деген бөлiмнің 2-бағаны мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
      "18. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету:
      - Қазғарыштың ақпаратын қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарын арнайы тексерістен өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; компьютерлік шабуылдарды табу мен алдын алудың сертификатталған құралдарымен Қазғарыштың жергілікті-есептеу желісін жарақтандыру және баптау";
      "7. Бюджеттік бағдарламалар" деген бөлімде:
      "7.1. Бюджеттік бағдарламалар" деген кіші бөлімде:
      001 "Ғарыш қызметі саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру және бақылау жөніндегі қызметтер" деген бюджеттік бағдарламада:
      "бюджеттік шығындар көлемі" деген жолдың "2012 жыл" деген бағанындағы "284 039" деген сандар "299 540" деген сандармен ауыстырылсын;
      002 "Ғарыш қызметi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген бюджеттік бағдарламада:
      "тікелей нәтиже көрсеткіштері" мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары басталғандары

ҒЗЖ есептерінің саны

-

-

-

23



-

жалғасатыны






23


-

аяқталғандары
олардың нәтижесінде мыналар:







23

-

";

      "бюджеттік шығындар көлемі" деген жолдың "2012 жыл" деген бағанындағы "700 000" деген сандар "1 010 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      009 "Байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқаруды қамтамасыз ету" деген бюджеттік бағдарламада:
      "бюджеттік шығындар көлемі" деген жолдың "2012 жыл" деген бағанындағы "981 844" деген сандар "1 208 063" деген сандармен ауыстырылсын;
      010 "Бәйтерек" ғарыштық зымырандық кешенiн құруды несиелеу" деген бюджеттік бағдарламада:
      "бюджеттік шығындар көлемі" деген жолдың "2012 жыл" деген бағанындағы "670 664" деген сандар алынып тасталсын;
      "7.2. Бюджеттік шығындар жинағы" деген кіші бөлімде:
      "2012 жыл" деген бағанда:
      "Бюджеттік шығындардың БАРЛЫҒЫ:" деген жолдағы "36 189 540" деген сандар "36 070 596" деген сандармен ауыстырылсын;
      "ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар" деген жолдағы "2 421 439" деген сандар "2 973 159" деген сандармен ауыстырылсын;
      "дамудың бюджеттік бағдарламалары" деген жолдағы "33 768 101" деген сандар "33 097 437" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов