25.01.2012

"Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысына өзгері

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 340-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Екінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беру актісіне қол қойғанға дейінгі мерзімге беріледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов


Дата вступления в силу:  25.01.2012
Дата изменения акта:  04.12.2012
Дата принятия акта:  25.01.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" газеті 2012 жыл 15 ақпан N 61 (27133)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  63032
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  164
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  007007000000 / 001008000000 / 005004002000
Форма акта:  ПОСТ / ИЗМ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz