Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Министрліктің негізгі міндеті туризм және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау болып табылады.»;
25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласында саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және Министрдің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов