29.12.2011

"Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:

      14-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-экологиялық кезең – 2013 жылғы 1 қаңтардан;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



Дата вступления в силу:  29.12.2011
Дата изменения акта:  30.01.2017
Дата принятия акта:  29.12.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж. № 11, 220-құжат; "Егемен Қазақстан" 2012 жыл 31 мамыр № 283-287 (27361)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  62579
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1634
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005020000000 / 009005000000 / 001008000000
Форма акта:  ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz