Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1468 Қаулысы

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламаларды республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1468 қаулысына 
қосымша      

Қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге
асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар

      1. 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы экономикасының энергетикалық секторын дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету (жаңартылатын қуат көздері, энергия үнемдеу).
      2. 2011-2014 жылдарға арналған Дәрілік шикізатты өңдеудің жаңа технологияларын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
      3. 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы алтын өндірісін жеделдетуді ғылыми-технологиялық сүйемелдеу.
      4. 2011-2014 жылдарға арналған Өсімдіктердегі жаңа табиғи қоспаларды іздеу. Құрауыштарды бөлу, сәйкестендіру, молекулалардың құрылысы және олардың биологиялық белсенділігі.
      5. 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстандағы сирек кездесетін металл саласын дамытудағы ғылыми-технологиялық негіздеме.
      6. 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, диагностикалық және вакциналық препараттарды шығару жөніндегі өндірістік желілерді құру.
      7. 2011-2014 жылдарға арналған Туберкулезге қарсы вакцина әзірлеу.
      8. 2011-2014 жылдарға арналған Инновациялық нәтижеге бағдарланған, университеттік ғылымды нысаналы дамыту.