15.11.2011

Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.06.2015 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 15 қарашадағы
№ 1342 қаулысымен  
бекітілген     

Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау саласы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 52-бабының4-тармағына сәйкес әзірленген және қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін айқындайды.
      2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде туа біткен және жүре пайда болған аурулардан, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі.
      3. Қалпына келтіру емінің және медициналық оңалтудың, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың мақсаты денсаулықты, еңбекке жарамдылықты, жеке басының және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғамның қалыпты тұрмыс жағдайында материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікке, ықпалдастыруға, қайта ықпалдастыруға қол жеткізу болып табылады.
      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) қалпына келтіру емі – толық немесе ішінара қалпына келгенге дейін аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарын жоюды немесе бәсеңдетуді немесе пациенттің психикалық, физиологиялық және анатомиялық жай-күйінің бұзылуының орнын толтыруды білдіретін, науқас организмінің функциялық қабілеттілігін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені;
      2) медициналық оңалту – пациент организмінің бұзылған және (немесе) жоғалған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
      3) Ауруханаға жатқызу бюросының порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі.

2. Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібі

      5. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту:
      1) амбулаториялық-емханалық, оның ішінде балаларға көмек;
      2) стационарлық, оның ішінде балаларға көмек көрсететін (жалпы бейінді қалпына келтіру емі бөлімшелерінде, мамандандырылған бөлімшелер);
      3) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту;
      4) санаторийлік-курорттық, оның ішінде балаларды емдеу медициналық ұйымдарында жүргізіледі.
      6. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту пациенттерге:
      1) аурудың жеделдеу кезеңінде жіті ауруларды, жарақаттарды, улануды қарқынды (консервативті, жедел) емдеуден кейін тікелей;
      2) туа біткен және жүре пайда болған аурулармен, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан зардап шегетіндерге, аурудың сақталған кезеңінде науқастың тәни, психикалық және әлеуметтік әлеуетін оңтайлы іске асыру және оны қоғамға барынша бара-бар ықпалдастыру арқылы;
      3) операциядан кейінгі асқынулар болмаған жағдайда жүргізіледі.
      7. Қалпына келтіру емінің және медициналық оңалтудың, оның ішінде балаларды медициналық оңалтудың түрлеріне:
      1) дәрі-дәрмектік (патогенетикалық, симптомдық, саногенетикалық) емдеу;
      2) реконструктивтік хирургия;
      3) физикалық емдеу әдістері: электрмен емдеу (гальванизация, электрофорез, электрұйқы, диадинамотермия, амплипульстерапия, электростимуляция, флюктуризация, дарсонвализация, индуктометрия, жоғары жиіліктегі ультра терапия, микротолқынды терапия, кванттық терапия, магнитотерапия), сәулемен емдеу (инфрақызыл сәулелендіру, ультракүлгін сәулелендіру, лазерлік сәулелендіру), ультрадыбыспен емдеу, сумен емдеу, бальнеотерапия (ванна, душ, гидрокинезотерапия, шомылу, минералды сулармен емдеу), жылумен-балшықпен емдеу (парафинді-озокеритпен, балшықпен емдеу, аппликация және емдік-балшық ваннасы), ингаляциялық терапия (аэрозоль және аэроионотерапия, галотерапия), баротерапия, оксигенотерапия;
      4) емдік гимнастиканы (жеке және топтық), таңғы гигиеналық гимнастиканы, мөлшермен серуендеуді және өрге шығуды (терренкур), спорттық ойындарды, «тәртіппен» емдеуді, арнайы тренажерді, позиционерлерді, көмекші құрылғыларды және қатынас құралдарын пайдалану арқылы ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіру үшін арнайы таңдап алынған физикалық жаттығулар кешенін қамтитын емдік дене шынықтыру (кинезотерапия);
      5) моторландырылған механотерапия, тракциондық емдеу, роботталған, компьютерленген жаңа технологиялар;
      6) массаж (классикалық, сегментті, нүктелі, перкуссионды, вибромассаж);
      7) еңбек терапиясы: жалпы нығайтатын (сергіту), қалпына келтіретін, нысаналы және нәтижелі (бұрынғыларды қалпына келтіруге және жаңа кәсіптік сапалар мен тәсілдерді, сондай-ақ еңбек дағдыларын қалыптастыруға бағытталған);
      8) психотерапия;
      9) диетотерапия;
      10) дәстүрлі емдеу әдістері (гомеопатия, гирудотерапия, мануальды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи заттармен емдеу);
      11) әлеуметтік-психологиялық емдеу әдістері (жұмыспен қамту терапиясы, орта терапиясы, агро-ландшафтотерапия, интерактивтік сенсорлық бөлмелерді пайдалану арқылы сөйлеуді қалпына келтіру терапиясы);
      12) протездік-ортездік және ортопедиялық көмек: қалпына келтіру, консервативтік және хирургиялық емдеу кешені;
      13) науқастарға медициналық оңалтуға арналған техникалық жабдықтарды пайдалануды үйрету жатады.
      8. Қалпына келтіру емін көрсететін және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту медициналық ұйымдарында пациенттің ем алуы үшін амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерінің жолдамасы, сондай-ақ амбулаториялық картадан немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен  нысан  бойынша стационарлық науқастың картасынан көшірме қажет.
      9. Қалпына келтіру емін көрсететін және медициналық оңалтудың денсаулық сақтау ұйымдарында жолдама бойынша емдеуге жатқызу, сондай-ақ негізгі медициналық көмек (оңалтуға дейін) көрсетілген бөлімшеден осы немесе басқа медициналық ұйымның қалпына келтіре емдеу бөлімшесіне (немесе төсектерге) ауыстыру шаралары Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы жүргізіледі.
      10. Негізгі медициналық көмек көрсетілген (оңалтуға дейінгі) стационарда қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту жаңа емдеуге жатқызу жағдайы ретінде Ауруханаға жатқызу бюросының порталында тіркеледі.
      11. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар жағдайында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту олар тағайындалған күннен басталады.
      Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар жағдайында науқасты диспансерлік бақылау жүзеге асырылады.
      Бұл ретте науқасты диспансерлік байқауды бейінді маман жүргізеді.
      12. Стационарлық көмек көрсететін (қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары (бөлімшелері) медициналық ұйымдар және санаторийлік-курорттық ұйымдар жағдайында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту ауруханаға жатқызылған күнінен басталады.
      Бұл ретте стационарлық көмек көрсететін (қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары (бөлімшелері) медициналық ұйымдар жағдайында емдеуші дәрігер жүргізетін динамикалық байқау жүзеге асырылады.
      13. Қалпына келтіру емінің және медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде оңалту іс-шараларының өткізілетін көлемі, сондай-ақ болудың ұзақтағы организм функциясының бұзылу айқындылығы, денсаулық пен тыныс-тіршіліктің шектелу дәрежесіне, сондай-ақ аурудың нозологиялық нысандарына, ауырлық дәрежесіне, оңалту көмегінің сатысы мен деңгейіне байланысты.


Дата вступления в силу:  15.11.2011
Дата изменения акта:  05.06.2015
Дата принятия акта:  15.11.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 50-құжат; "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 95-101 (27173); "Казахстанская правда" от 14.03.2012 г., № 70-71 (26889-26890)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  61361
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1342
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  024002000000 / 024006000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz