"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1330 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 № 239 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов