04.11.2011

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығы.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 4 қарашадағы
№ 1297 қаулысымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде жер пайдалану мақсаттарын жүзеге асыруда жерді қорғауды және табиғи факторлармен өзара оңтайлы әрекеттесуді есепке ала отырып, топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай нашарлауына әкеліп соқтырмайтын тәсілдерімен жоғары дәрежеге жетуді қамтамасыз етуі;
      2) топырақ құнарлылығының айтарлықтай нашарлауы - соңғы екі агрохимиялық зерттеулердің нәтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі;
      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тозуы - табиғи шаруашылық маңызының төмендеуіне әкеп соғатын табиғи және антропогендік әсерлердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қасиеттерінің нашарлауы;
      4) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы - ауыл шаруашылығы жерлері аумағының таяудағы перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын анықтайтын және негіздейтін құжат, онда әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттері, орналасқан жері, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктері) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралардың кешені қамтылады;
      5) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасы - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық операцияларын жүргізудің тәртібін көрсететін құжат;
      6) танаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітабы - уақыт бойынша және аумақтағы жоспарланған ауыспалы егісті, дақылдар мен сүрі жерді нақты алмастыруды және технологиялық операциялардың орындалуын көрсететін, ұсынымдық сипаты бар нормативтік техникалық құжат;
      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты - жер учаскесінің, оның сәйкестендіру сипаттамаларының, сондай-ақ жер пайдалану объектісінің топырақ құнарлылығының құрастыру сәтіндегі нақты жай-күйін көрсететін құжат;
      8) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган).

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланудың тәртібі

      3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану:
      1) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің белгілі бір деңгейін қолдауды және жоғарылатуды, ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін қамтамасыз етуді;
      2) ауыспалы егісте ауыл шаруашылығы дақылдарын кезектестірудің белгіленген кестесін сақтауды;
      3) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;
      4) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерге арамшөп пен ағаш бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтарымен қоқыстауына жол бермеуді;
      5) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.
      4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жерді жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, оның ішінде мыналар міндетті болып табылады:
      1) агрохимиялық іс-шараларды жүргізу:
      ғылыми негізделген нормаларға сәйкес минералдық және органикалық тыңайтқыштар себу;
      Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген өсімдіктерді қорғау және өсуін ынталандыру құралдарын пайдаланудың белгіленген регламенттерін сақтау;
      2) топырақтың құнарлылығын сақтаудың агротехникалық тәсілдерін, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қабылданған технологиялық карталарына сәйкес агротехнологиялық операцияларды сақтау жолымен қолдану;
      3) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің топырағын тозудан қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау;
      4) дақылдарды алмастырудың ғылыми негізделген кестесін есепке ала отырып, ауыспалы егістіктерді сақтау;
      5) мынадай:
      ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарының тұқым алмасу және тұқым жаңаруының ғылыми негізделген мерзімдерін сақтау;
      тұқымдарды залалсыздандыру, арамшөп және карантиндік өсімдіктер, аурулармен және зиянкестермен күрес жөніндегі фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу жолымен тұқым шаруашылығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі фитосанитарлық талаптарды орындау;
      6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
      7) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыл шаруашылығы малдарын жаюдың жайылым алаңының бір бірлігіне арналған жүктеме ңормативтерін сақтау.
      5. Мынадай көрсеткіштер бойынша топырақ құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай нашарлауына:
      1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы гумус құрамының 5 пайыздан көп, жеңіл гидролизделінетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа салыстырмалы құрамының 20 пайыздан көп төмендеуіне;
      2) жерлердің осы элементтермен өте төмен және төмен қамтамасыз етілген алаңдарының 10 пайыздан көп өсуіне;
      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералдық тыңайтқыштармен ластануы рұқсат етілген шектегі концентрациялардан жоғары асуына;
      4) эрозия нәтижесінде жоғарғы гумус қабаты қуатының 5 сантиметрден көп темендеуіне;
      5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының көбеюіне:
      хлоридтердің 0,4 пайыздан көп болуына;
      сульфаттардың 0,8 пайыздан көп болуына;
      топырақта сортаңданудың 5 пайыздан көп жоғарылауына;
      6) арам шөптердің не карантиндік өсімдіктің көп өсуіне (арам шөптердің саны рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары болуына) байланысты жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуына жол берілмейді.
      6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын анықтау үшін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларында мынадай құжаттардың бар болуы қажет:
      1) жер учаскелерінің меншік иелерінің және (немесе) жер пайдаланушылардың қаржы-өндірістік қызметі туралы жылдық есеп;
      2) № 2-АШ «Астықтың болуы және қозғалысы туралы», № 3-АШ «Майлы дақылдар тұқымдарының болуы және қозғалысы туралы», № 4-АШ «Егін өнімін себу қорытындылары туралы», № 24-АШ «Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп», № 29-АШ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін барлық жерден жинау туралы», № 6-р «Шаруа (фермер) қожалықтарындағы жер алқаптарының болуы туралы мәліметтер» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың есептілік нысандары;
      3) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық карталары;
      4) танаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітаптары;
      5) шаруашылық бойынша есеп кітаптары;
      6) ауыл шаруашылығы маддарын жаюдың жайылым алаңының бір бірлігіне арналған жүктеме нормативтері;
      7) тұқымдардың сорттық, егілу және фитосанитарлық сапасын куәландыратын құжаттар;
      8) пестицидтердің (улы химикаттардың) және агрохимикаттардың қолданылуы туралы актілер;
      9) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалары;
      10) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты.
      7. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын анықтаған кезде осы Қағидалардың 6-тармағындағы көрсетілген құжаттардың деректері ескеріледі.
      8. Жыртылған қабаттағы жалпы гумустың құрамы, жеңіл гидролизделетін азот, жылжымалы фосфор және ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – жеті жылда бір рет және суармалы жерде – бес жылда бір рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады және бірінші (базалық) турдағы агрохимиялық тексеруде белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 № 1637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйінің көрсеткіштерін орталық уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мен өндірістік бөлімшелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге топырақтық, агрохимиялық, фитосанитарлық зерттеулер жүргізудің және жер мониторингінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізеді.
      10. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйі туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспортында және танаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітабында көзделеді.
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын орталық уәкілетті орган бекітеді.
      Танаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітабын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық карталарын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары дербес жүргізеді.
      11. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың осы Қағидалардың 4-тармағының 1)6) тармақшаларына сәйкес жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындауы, өткізілген іс-шаралар туралы тиісті құжаттармен (материалдармен), сондай-ақ танаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітабымен расталады.
      Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілгенде тиісті объектілердің (шахталық және түтікті құдықтардың, ұңғымалардың) болуымен расталуы қажет.


Дата вступления в силу:  04.11.2011
Дата изменения акта:  23.12.2015
Дата принятия акта:  04.11.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" газеті 2012 жыл 20 наурыздағы N 115-116 (27189); 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 134-137 (27210); "Казахстанская правда" от 20.03.2012 г., № 76-77 (26895-26896);
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  61197
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1297
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  017004000000 / 011002000000 / 017006000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz