«Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1243 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
      реттік нөмірі 6-жолда:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 11621» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 11471»;
      реттік нөмірі 20-жолда:
      «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 360» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 510».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов