"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 985 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысына (Қазақстан  Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 120-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 11, 12, 13, 21-жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Миниcтрі                               К. Мәсімов