"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 880 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 15-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «шілде»;
      реттік нөмірі 22-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «шілде».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов