Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналының нысаны мен оны жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 841 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын
қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы
КЕЛІСІМ

(2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2012 ж., N 1, 5-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты негізге ала отырып,
      қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, қаржы секторында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында
      төмендегілері туралы келісті:

1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдардың анықтамасы

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «қаржылық қызметтер көрсету» - мыналарды:
      банктік қызметтер көрсетуді;
      валюта нарығында қызметтер көрсетуді;
      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметтер көрсетуін;
      сақтандыру қызметтерін көрсетуді қамтитын қаржылық сипаттағы көрсетілетін қызметтер;
      «бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары» - өздері аумағында тіркелген Тараптың заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар;
      «кредиттік ұйым» - банк қызметін реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган берген арнайы рұқсат (лицензия) негізінде өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табу үшін банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;
      «сақтандыру ұйымы» - өзі аумағында тіркелген Тараптың заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;
      «қаржы нарығының қатысушылары» - қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

2-бап
Осы Келісімді іске асыруға бағытталған шаралар

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар банк саласында, валюта нарығында, бағалы қағаздар нарығында және сақтандыру саласында қажетті шараларды жүзеге асырады.
      Банк саласында мынадай шаралар жүзеге асырылады:
      Тараптар инвесторларының кредиттік ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді (акцияларды) құру және сатып алу мәселесі бойынша Тараптардың заңнамасын үйлестіру;
      халықаралық стандарттарға сәйкес қаржы нарығындағы тәуекелдерді реттеу тәсілдерін үйлестіру;
      Тараптардың уәкілетті органдары арасында банк саласын реттеу және дамыту мәселелері бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру.
      Валюта нарығында мынадай шаралар жүзеге асырылады:
      Тараптардың уәкілетті органдары арасында валюта нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
      Тараптардың ұлттық валюталарының сыртқы сауда төлемдері мен есеп айырысуларда пайдаланылуын кеңейту мақсатында олармен конверсиялық операцияларды жүргізу үшін тиімді инфрақұрылым құру;
      Тараптардың ұлттық валюталарының айырбас бағамын белгілеу қағидаттары мен қағидаларын үйлестіру.
      Бағалы қағаздар нарығында мынадай шаралар жүзеге асырылады:
      Тараптардың уәкілетті органдары арасында бағалы қағаздар нарығы мен өзге қаржы құралдарын реттеу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
      Тараптардың бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттеу саласындағы заңнамасын үйлестіру;
      Тараптар эмитенттерінің бағалы қағаздарының эмиссиясы рәсіміне (шығару тәртібіне) қойылатын талаптарды үйлестіру;
      Тараптар заңнамасының ұлттық нарықтарда шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын орналастыруға және айналысқа жіберуге қойылатын талаптарын үйлестіру.
      Сақтандыру саласында мынадай шаралар жүзеге асырылады:
      Тараптардың уәкілетті органдары арасында сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
      Тараптардың сақтандыру заңнамасын, сондай-ақ халықаралық қағидалар мен стандарттардың ережелерін ескере отырып, сақтандыру қызметін сақтандыруды қадағалау және реттеу талаптары мен тәсілдерін үйлестіру;
      сақтандыруды жүзеге асырған кезде міндетті сақтандыру, қайта сақтандыру, делдалдық қызмет аясындағы реттеуіш нормаларды жақындату саласындағы ынтымақтастық;
      сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бірыңғай талаптарды келісу;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын айқындаудың бірыңғай қағидаттары мен тәсілдерін келісу.

3-бап
Қаржы нарығының қатысушылары қызметінің транспаренттілігін
қамтамасыз ету, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының
талаптарын іске асыру

      Қаржы нарығының қатысушылары қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету бойынша Тараптардың бірлескен іс-қимылдары:
      жарияланатын ақпараттың көлеміне, сапасына және мерзімділігіне қойылатын талаптарды үйлестіруге;
      Тараптардың эмитенттердің ақпаратты ашып көрсетуі, инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалануға және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғылар жасауға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын үйлестіруге;
      жүйелі тәуекелдердің алдын алу үшін рейтингтік агенттіктердің қызметін айқындылық, есеп берушілік және жауапкершілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асыруына қойылатын талаптарды үйлестіруге;
      Тараптардың қаржы нарығына қатысушылардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын пайдалануға өтуін аяқтауға бағытталған.

4-бап
Осы Келісімді іске асыру кезеңдері

      Осы Келісімді іске асыру екі кезеңмен жүргізіледі.
      Бірінші кезең Тараптардың уәкілетті органдары арасында тұрақты негізде осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көрсетілген салаларда ақпарат алмасуды ұйымдастыруды көздейді.
      Екінші кезең халықаралық қағидалар мен стандарттарды ескере отырып, Келісімнің 2 және 3-баптарында көрсетілген салалардағы Талаптардың заңнамасын үйлестіруді, оның ішінде қаржы нарығының қатысушыларына қойылатын лицензиялық талаптарды, қаржы нарығының қатысушыларын қадағалауды жүзеге асырудың қадағалау талаптары мен тәртібін үйлестіруді, сондай-ақ эмитентті тіркеу мемлекетінің реттеуші органы бағалы қағаздар эмиссиясын (шығарылымын) тіркеу шартымен Біртұтас экономикалық кеңістіктің бүкіл аумағында Тараптар эмитенттерінің бағалы қағаздарын орналастыру мен айналысқа жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейді. Іске асыру мерзімі - 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

5-бап
Ынтымақтастықтың негізгі нысандары

      Капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қаржы нарығында жағдай жасау үшін ынтымақтастықтың мынадай негізгі нысандары қолданылады:
      Тараптардың уәкілетті органдары арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      қаржылық қызметтер көрсету нарығының ағымдағы проблемаларын талқылау және оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша келісілген іс-шаралар жүргізу;
      Тараптардың уәкілетті органдарының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуі;
      осы Келісімнің 2-бабында айқындалған шараларды іске асыру үшін халықаралық шарттар жасасу.

6-бап
Дауларды шешу

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер дауды Тараптар консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы Тараптардың бірі жіберген ресми жазбаша өтініш түскен күннен бастап алты ай ішінде реттемесе, онда Тараптардың арасында дауды шешу тәсіліне қатысты өзгеше уағдаластық болмаған кезде Тараптардың кез келгені оны қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беруге құқылы.

7-бап
Өзгерістер енгізу

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін және олар осы Келісімнің күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енеді.

8-бап
Күшіне енуі

      Осы Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті болып табылатын депозитарий Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Осы Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мүшесі болып табылатын басқа мемлекеттердің оған қосылуы үшін ашық. Осы Келісімге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға беріледі.
      Қосылған мемлекетке қатысты осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшіне енеді.

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

       Беларусь               Қазақстан              Ресей
  Республикасы үшін       Республикасы үшін      Федерациясы үшін

      Осымен осы мәтін 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында: Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті Д.А.Медведев қол қойған Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісімнің түпнұсқасының толық және дәлме-дәл көшірмесі болып табылатынын растаймын.
      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады.

Барлығы тігіліп, қойылған қолмен
және мөрмен бекітілген 6 парақ  

      ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті
      Хатшылығының Құқықтық
      Департаментінің Басшысы                    В.С.Князев

      13.12.2010 ж.

      Осымен 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде БЭК қатысушы мемлекеттердің Басшылары деңгейінде жасалған Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісімнің мемлекеттік тілдегі аудармасының орыс тіліндегі мәтініне дәлме-дәл келетінін растаймын.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский