18.07.2011

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 815 қаулысымен  
бекітілген    

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді
және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2014 N 121 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы» заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді.
      Қағидалар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесудің, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің, өз еркімен қоныс аударудың, көшуді ұйымдастырудың, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуге арналған нысаналы трансферттерді пайдаланудың және жұмыс берушілердің қатысу тәртібін айқындайды.
      2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:
      1) кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар беру, психологиялық бейімдеу бойынша қызмет көрсету;
      2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;
      3) кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;
      4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналастыруға жәрдемдесу;
      5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
      6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу жолымен іске асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
      2) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
      6) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
      7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;
      8) оқуға материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;
      9) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе қызметкерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер;
      10) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
      11) кәсіптік оқыту – Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің өндірістік кәсіпорындары мен ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі – оқытатын ұйымдар) оқыту, кәсіптік оқыту:
      мамандығы (кәсібі) жоқ, мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды; еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандығы (кәсібі) бар, жаңа мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлауды;
      егер Бағдарламаға қатысушыларға мамандығы (кәсібі) бойынша лайықты жұмыс ұсына алмаған немесе олардың белгілі бір мамандықтар (кәсіптер) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа мамандықтар (кәсіптер) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;
      біліктілігін арттыруды – анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, озық техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында өндірістік қажеттілікке қарай, кәсіби шеберлігін жетілдіруді қамтиды;
      12) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
      13) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖЖК 2020» ААЖ) – автоматтандырылған режимде Бағдарламаға қатысушылардың деректер қорын қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ететін жүйе.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.

2. Кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа
орналасу жөніндегі консультациялар, психологиялық бейімдеу
бойынша көрсетілетін қызметтер

      4. Кәсіптік бағдарлау кәсіптерді саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан адамдарды қоса алғанда, үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кәсіптерді таңдау Жалпыұлттық деректер қорындағы мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіптік бағдарлауды халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Кәсіптік бағдарлау жүргізуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар немесе олар тартатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері және/немесе үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы  заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
      7. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «ЖЖК 2020» ААЖ-де орналастырылады.

3. Оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері жөніндегі
консультациялар

      8. Оқытуға қажеттілікті, еңбекке қабілетті халықтың саны мен құрылымын, жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санын, іске асырылатын жобалар шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарының санын айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторы бекіткен әдістемеге сәйкес Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастырады.
      Жергілікті атқарушы органдар жылына екі рет (есепті жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша), 5 қаңтарда және 5 шілдеде Өңірлердің жұмыспен қамту картасының мәліметтерін жаңартады.
      9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
      1) Өңірлердің жұмыспен қамту картасы негізінде жұмысқа орналасуға мұқтаж еңбекке қабілетті жастағы адамдардың санын айқындайды;
      2) жұмыс берушілерді – аудан (қала) аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғаларды есепке алуды жүзеге асырады;
      3) жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысу, оның ішінде жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді таңдау, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу тәртібі және шарттары туралы консультация береді;
      4) жылына бір рет кем емес кезеңділікпен кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттілікті айқындау мақсатында жұмыс берушілерге сауалнама жүргізуді жүзеге асырады (оның ішінде коммуникация құралдары (интернет, электрондық почта, телефония құралдары және басқалары) арқылы);
      5) Өңірлердің жұмыспен қамту карталарының, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің және жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттілікті қалыптастырады.
      10. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге:
      1) мамандық (кәсіп) таңдауға, кәсіптік оқу және оны аяқтағаннан кейін деректер қорына енгізілген жұмыс орындарын, ағымдағы бос жұмыс орындарын және болжамды қажеттілікті ескере отырып, ықтимал жұмысқа орналасуға көмек;
      2) үміткерлердің мамандығы (кәсібі) бар бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу мәселелері бойынша консультация береді;
      3) Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа белсенді шаралары.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      11. Халыққа қызмет көрсету орталықтары консультация беру нәтижелері бойынша Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады және оларды жұмыс берушілерге жібереді.

4. Стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік
даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу

      12. Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:
      1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер қатарынан таңдау;
      2) бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу;
      3) дербес, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы іздестіру жолымен жүргізеді.
      13. Жұмыс берушілер үміткерлерді әңгімелесу өткізу жолымен немесе жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылар туралы ұсынған ақпарат негізінде іріктейді.
      14. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден ақпарат алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.
      15. Жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысуға таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      Жұмыс беруші мәлімдеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысуға үміткерлер осы Қағиданың 31-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесінен білім беру ұйымын жұмыс берушімен келісім бойынша дербес таңдайды.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      16. Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады және қоса беріледі:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (табысы аз азаматтар және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер қатарындағы жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;
      3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейін ұсынылады) көшірмесі.
      Жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс беру немесе мәжбүрлі тоқтату туралы актісін ұсынады.
      17. Құжаттар топтамасын қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері көшірмелердің түпнұсқалығын түпнұсқамен салыстырып тексереді және өтініш берушіге қайтарады.
      18. Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      19. Шешім қабылдаған кезде білім деңгейі, мамандығының (кәсібінің) және біліктілігінің болуы, ал жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілерден қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға өтінімнің де болуы ескеріледі.
      20. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
      21. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасауға болады.
      22. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты дербес не мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      23. Білім беру ұйымына кәсіптік даярлыққа жіберілген кезде Бағдарламаға қатысушылар түсу емтиханын тапсырмай қабылданады.
      Ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің өтінімі бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын сақтау шартымен жүзеге асырылады.
      Жұмыс берушілер ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін кәсіптік оқытуға жіберілетін қызметкерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін және оқыту нысанын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушінің құрылтай құжаттары қоса беріледі.
      Ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін оқыту ұйымдары жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.
      Қайта даярлаудан және/немесе біліктілікті арттырудан өту уақытында Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізілген ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерге қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      24. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқыту үшін жұмыс берушілер іріктеген Бағдарламаға қатысушылармен Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша оқытатын ұйым мен жұмыс беруші де тараптары болып қатысатын әлеуметтік келісімшарт жасасады.
      Жұмыс беруші мен оқытатын ұйым әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы осы Қағидаға 23-қосымшаларға сәйкес жетекшінің не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.
      Әлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен қамту орталықтары мен Бағдарламаға қатысушылар қол қойған және жұмыс берушілер мен оқытатын ұйымдардан әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтінішті (хабарламаны) алған сәттен бастап күшіне енеді.
      Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандықты (кәсіпті), оқытатын ұйымды, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.
      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйымдар өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтудің ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді.
      25. Осы Қағида қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған әлеуметтік келісімшарттар күшін сақтайды және өзгеріссіз күйінде қолданылады.
      26. Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және оқытатын ұйым жүзеге асырады.
      Оқытатын ұйымдардың әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер жүзеге асырады.
      Бағдарламаға қатысушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытатын ұйым және жұмыс беруші жүзеге асырады.
      27. Кәсіптік оқыту бойынша көрсетілетін қызметтер мемлекеттік білім беру тапсырысына кіреді және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай сатып алынады.
      28. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді және:
      1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;
      2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;
      3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.
      29. Кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген мөлшерде стипендия, сондай-ақ:
      1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта жол жүруге:
      облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс жерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде кәсіптік даярлаудан өту үшін 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту үшін 2 АЕК мөлшерінде;
      Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын орындар облысының шегінен тыс елді мекендерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде 1000 км дейінгі ара қашықтыққа 8 АЕК мөлшерінде, 1000 км асатын ара қашықтыққа 12 АЕК мөлшерінде;
      2) Астана және Алматы қалаларынан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан басқа барлық облыстарда тұруына ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
      Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз төленеді.
      Өндірістен қол үзіп қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өту кезінде ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер қатарындағы Бағдарламаға қатысушыға жоғарыда аталған мөлшерде материалдық көмек ай сайын төленеді.

Кәсіптік оқыту бойынша қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының
тізбесін айқындау

      30. Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.
      31. Барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы өңірлік комиссиялар білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде осы Қағиданың 52, 53-тармақтарына сәйкес айқындалған мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, сол өңірдің аумағындағы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріндегі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіптік оқытуды жүзеге асыруға құқығы бар кәсіптік оқуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) жыл сайын бекітеді.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      32. Оқытатын ұйымдарды кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін тізбеге енгізу:
      1) Бағдарламаға қатысушылардың өндірістік практикасын кадрларды даярлаудың дуальді моделінің қағидаттарына сәйкес міндетті ұйымдастырған;
      2) өткен жылғы бітірушілердің кемінде 60 %-ын жұмысқа орналастырылған жағдайда. Жұмысқа орналастырылғандардың саны әскери қызметке шақырылған, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырушы, қайтыс болған, бала күтімі бойынша демалыстағы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды ескермей есептеледі;
      3) кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.
      33. Білім беру қызметіне лицензиясы жоқ оқытатын ұйымдар тізбеге кәсіптік даярлығына біліктілік емтиханынан өткен адамдарға заңнамалық белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) беру не «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдем көрсету шартымен қосылады.
      34. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту жұмыс берушілермен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушылар тізбеден таңдаған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.
      Өңірде (облыста, Астана және Алматы қалаларында) Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісім бойынша таңдаған мамандық (кәсіп) бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйым болмаған жағдайда, кәсіптік оқыту басқа өңірлерде орналасқан оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мұндай жағдайда кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйым өңірлік комиссия шешімінің негізінде тізбеге қосымша енгізіледі және осы Қағиданың 32-тармағында көзделген оқытатын ұйымдарды таңдау өлшемдеріне сәйкес келуге тиіс.
      35. Бағдарламаға қатысушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады.
      Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды (бұдан әрі – КДДБ) қамтиды.
      Игеретін кәсібіне қарай КДДБ арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынақ) жұмысын орындауды (практикалық тест) көздейді.
      КДДБ өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тәуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады.
      КДДБ-ні бағалау бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
      36. Оқытатын ұйымдардың халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушыларды:
      1) сабақты дәлелсіз себептермен қатарынан үш оқу күнінен көп босатқан;
      2) үлгерімі нашар немесе аралық аттестаттау қанағаттанғысыз болған;
      3) оқытатын ұйымның ішкі тәртібін бұзған жағдайларда оқудан шығаруға құқығы бар.
      37. Қайта даярлау немесе біліктілігін арттырудан өту уақытына Бағдарламаға қатысушыға қажет болған жағдайда әлеуметтік демалыс беріледі.
      38. Бағдарламаға қатысушыны оқудан шығарған кезде:
      1) оқытатын ұйымдарға кәсіптік даярлау бойынша нақты ұсынылған қызметтердің көлемі төленеді;
      2) Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасқан, әскери қызметке шақырылған, қайтыс болған, оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін жүкті болу, аурулар салдарынан сабақтарды босатқан жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша, төленген материалдық көмек пен стипендия сомасын қоса алғанда оқуға арналған шығыстарды бюджетке өтейді.
      39. Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мерзімді әскери қызметіне шақырылу, қайтыс болу, оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін жүктілік, босану, бала күтімі бойынша демалыс, тұрғылықты жерін ауыстыру, сырқаттану салдарынан сабақтарды жіберіп алу себебі бойынша, сондай-ақ балалар үйлерінің жиырма тоғыз жасқа толмаған тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша кәсіптік оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Бағдарламаға қатысушымен жасалған әлеуметтік келісімшарт көрсетілген білім беру қызметтері көлемінің құнын, сондай-ақ оқуға төленген материалдық көмек пен стипендия сомасын бюджетке қайтару бойынша талап қойылмай бұзылады.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      40. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқу құнын өңірлік комиссиямен келісім бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      41. Оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен және өңірлік комиссиямен келісім бойынша оқу орталығы айқындайды.
      Оқу орталықтары кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін жасайды және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары оқу орталықтары ұсынған кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін үш жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді.
      Кәсіптік оқыту қызметтерінің құнын қарау кезінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мынадай негізгі өлшемдерді:
      1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процестеріне арналған шығыстарды;
      2) бір Бағдарламаға қатысушыны оқытуға арналған шығыстардың орташа құнын басшылыққа алады.
      Оқу құнының есептеулері негізді деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган осы Қағиданың 31-тармағына сәйкес өңірлік комиссияларға оқу орталығын тізбеге енгізу туралы тиісті қорытындыны жібереді.
      Оқу құнының есептеулері негізсіз деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде оқу орталықтарына жібереді.
      Оқу құнының есептеулерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қорытындысында баяндалған талаптарға сәйкес келтірген жағдайда кейінгілері өңірлік комиссияларға қорытындыда баяндалған талаптарға сәйкес келтірілген оқу құнының есептеулерін қоса отырып, оқу орталығын тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.
      42. Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер, оқытатын ұйымдар, білім беру курстарын ұйымдастыру үшін іріктелген заңды және/немесе жеке тұлғалар туралы мәліметтер «ЖЖК 2020» ААЖ-де орналастырылады.

5. Лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа (оның
ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына)
орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара
субсидиялау және жастар практикасына жіберілген жеке
тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу

      43. Жұмыс беруші оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушымен оның өтінімі бойынша кәсіптік еңбек шартын жасасады.
      44. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға енгізу сәтінде кәсіптік білімі болған не кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін деректер қорында бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес жолдама беру арқылы жәрдемдеседі.
      Бағдарламаға қатысуға үміткерлер іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу үшін тұрақты тұратын ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылармен Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша жұмыс беруші тарап болып қатысатын әлеуметтік келісімшарт жасады.
      Инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс берушілер әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жұмыс берушілермен шарттар негізінде:
      жұмыс берушілер құрған әлеуметтік жұмыс орындарына еңбек шартына сәйкес белгіленген бір жыл мерзімге дейін әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау шартымен жібереді;
      жұмыс берушілер құрған жұмыс орындарына жастар практикасынан өту үшін жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын алты айдан асырмай толық төлеу шартымен жібереді.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына қатысуға үміткерлер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.
      Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылып, қоса беріледі:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
      3) еңбек кітапшасының (қажет болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (әлеуметтік жұмыс орындарына үміткер адамдар үшін) көшірмесі.
      Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында Бағдарлама операторы бекіткен нысандар бойынша жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы әлеуметтік келісімшарттар жасалады.
      Ескерту. 44-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.10.2014 № 1066 қаулыларымен.
      45. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты өздері не жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді.
      Халықтың нысаналы топтары қатарынан жұмысқа орналастырылуға тиіс адамдардың, оның ішінде 50 жастан асқан адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне ұсынады.
      Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді жұмыс беруші мен нысаналы топ қатарындағы адамдар, оның ішіне халықтың 50 жастан асқан адамдары арасында жасалған жұмысқа орналастыру туралы еңбек шартының көшірмесін ұсынған жағдайда халықты жұмыспен қамту органдары жүргізеді.
      Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне қарай жұмысқа орналастыру үшін адамдардың тізімін жіберген халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналастырылғандар, кәсіпорындар (ұйымдар), мамандықтар (кәсіптер), жұмысқа орналастырылғанның орташа жалақысы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады.
      Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері жұмысқа орналастырған адамдар туралы мәліметтерді «ЖЖК 2020» ААЖ орналастырады.
      46. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау 12 ай ішінде жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алынбаған пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, жалақы мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс және 2014 жылғы 1 қаңтарда жасалған шарт қатынастарына қолданылады.
      47. Жұмыстан босатылған сәтке дейін бір жыл ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған адамдарға әлеуметтік жұмыс орнына орналасуға жол берілмейді.
      48. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысының мөлшері экологиялық үстемеақылар төлемдерін есепке алмағанда, айына 18 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
      Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыруға жол беріледі.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді -  ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулыларымен.
      49. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына қатысу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен айқындалады.

6. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған
шараларды қаржыландыру

      50. Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру Бағдарлама операторы арқылы жүзеге асырылады.
      2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдарды оқытуды қаржыландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган аталған адамдар оқуды толық аяқтағанға дейін жүзеге асыратын болады.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      51. Кәсіптік оқыту ақысын, стипендияны, жол жүруге және тұруға материалдық көмекті төлеу, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын және жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын субсидиялау мақсатында Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды қаржылай қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.
      52. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына оқыту ұйымын және оқу орталықтарын, мамандықтар түрлері мен оқу орны (оқыту ұйымы, оқу орталықтары және т.б.), оқу құны мен мерзімдері бойынша оқытылатын контингентті көрсете отырып, бюджеттік өтінімдер жібереді.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      53. Қаржылық тәртіпті және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін:
      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде бұрын кәсіптік даярлауға қабылданған адамдарды оқыту бойынша;
      2) Бағдарлама Операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау және жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын төлеу бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.
      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      54. Білім беру саласындағы уәкілетті орган, Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      55. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және кадрлардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде бұрын кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану оқытатын ұйымдармен жасалған шарттар негізінде, жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу – жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ал әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде және олар жасаған шығындарды растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
      56. Бағдарламаға қатысушыларды, сондай-ақ бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытатын ұйымдарға кәсіптік оқуға қабылданған адамдарды кәсіптік даярлауды қаржыландыру техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады.
      57. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, білім беру саласындағы уәкілетті орган және Бағдарлама операторы трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      58. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет Бағдарлама операторына, білім беру саласындағы уәкілетті органға келісімдерде көзделген нысан бойынша есептер ұсынады.
      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің    
белсенді шараларына қатысатын     
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа  
орналасуына жәрдемдесуді және оларға 
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша             

___________________ ауданының
(қаласының) Халықты жұмыспен
қамту орталығының директорына
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын   
_____________________________

Өтініш

      Мені «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысушылар қатарына
енгізуді сұраймын.
      Қосымша ___ парақта:
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын
өзге құжаттың (табысы аз және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы
қызметкерлер қатарындағы жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;
      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ
бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік,
сертификат) көшірмелері;
      денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес Бағдарламаға
қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейін)
көшірмесі;
      жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы
қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыруы немесе әлеуметтік
демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтату туралы актісі (жұмыспен
ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін).
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу
үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім
беремін.

      *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш білдіруші жауапты
болады.

      Күні                                                       қолы

---------------------------------------------------------------------
                            (кесу сызығы)

_____________________________________________________________________
азаматтың өтініші 20__ ж. «___» ________ қабылданды, № ________ болып
тіркелді.
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________

      Күні                                                       қолы

      *ұсынылған құжаттың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің    
белсенді шараларына қатысатын     
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа  
орналасуына жәрдемдесуді және оларға 
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
2-қосымша             

__________________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

Әлеуметтік келісімшартқа қосылу
туралы жұмыс берушінің
өтініші (хабарламасы)

      Осы арқылы _____________________ атынан _______________________
                (жұмыс берушінің атауы)      (ереже, жарғы және т.б.)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________
                         (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________ және ____________________________________
  (халықты жұмыспен қамту          (Бағдарламаға қатысушының тегі,
         орталығы)                        аты, әкесінің аты)
арасында жасалған 20__ жылғы «___» ______ № ______________ әлеуметтік
келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер туралы:
__________________________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша
__________________________________________________ нысанында кәсіптік
оқуды(даярлау, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)
табысты аяқтағаннан кейін Бағдарламаға қатысушыны алған мамандығы
(кәсібі) бойынша _____________________ мерзімге жұмысқа орналастыруға
міндеттеме алады.
      Өндірістік практикадан өту орны ______________________________.
      Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттарының
көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін):

      _____________   _______________   _____________________________
        (лауазымы)         (қолы)        (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.)
                                                                 М.О.
      _____________   _______________   _____________________________
        (лауазымы)         (қолы)        (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.)
                                                                 М.О.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің    
белсенді шараларына қатысатын     
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа  
орналасуына жәрдемдесуді және оларға 
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
3-қосымша             

__________________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

Әлеуметтік келісімшартқа қосылу
туралы білім беру ұйымының
өтініші (хабарламасы)

      Осы арқылы _______________________ атынан _____________________
               (білім беру ұйымының атауы)   (ереже, жарғы және т.б.)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________
                         (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________ және _________________________________
    (халықты жұмыспен қамту          (Бағдарламаға қатысушының тегі,
       орталығының атауы)                   аты, әкесінің аты)
арасында жасалған 20__ жылғы «___» ______ № ______________ әлеуметтік
келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер туралы дайын
екенін мәлімдейді:
      1. Бағдарламаға қатысушыны _________ мамандығы (кәсібі) бойынша
____________________________________________________ түрінде кәсіптік
оқуға қабылдау;
      2. Кәсіптік оқу мерзімі: 20__ жылғы «___» ___ бастап 20__ жылғы
«___» _____ дейін.
      3. Оқу құны _______ құрайды.
      4. Өндірістік практикадан өту орны мен шарттары ______________.
      Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттарының
көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін):

      _________________  ________________  __________________________
         (лауазымы)           (қолы)       (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.)
                                                                 М.О.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің    
белсенді шараларына қатысатын     
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа  
орналасуына жәрдемдесуді және оларға 
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
4-қосымша             

________________________ ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту орталығының директорына
______________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын                    
______________________________________________

Өтініш

      Мені «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты
дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысушылар қатарына
енгізуді сұраймын.
      Қосымша ___ парақта:
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуді, уақытша тіркеу
растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімдерінің
анықтамасы)көшірмесі;
      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе
оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат)
көшірмелері (бар болса);
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу
үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім
беремін.
      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш білдіруші жауапты
болады.

      Күні                                                       қолы

---------------------------------------------------------------------
                            (кесу сызығы)

___________________________________________________________ азаматтың
өтініші 20__ ж. «___» ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Күні                                                       қолы

      *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты
болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің    
белсенді шараларына қатысатын     
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа  
орналасуына жәрдемдесуді және оларға 
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
5-қосымша              

__________________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

Әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы
жұмыс берушінің
өтініші (хабарламасы)

      Осы арқылы _______________________ атынан _____________________
                 (жұмыс берушінің атауы)     (ереже, жарғы және т.б.)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________
                (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________ және _________________________________
   (халықты жұмыспен қамту           (Бағдарламаға қатысушының тегі,
          орталығы)                         аты, әкесінің аты)
арасында жасалған 20__ жылғы «___» ______ № ______________ әлеуметтік
келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер туралы:
      Бағдарламаға қатысушыны ____________ мамандығы (кәсібі) бойынша
_______________________________________________ (жұмыс атқару кезеңі)
жұмысқа орналастыруға дайын екенін мәлімдейді;
      Жұмыс орны ауыл, кент (қала) _____________________, жұмыс атауы
____________________________________________________________________.

      Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттарының
көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін):

____________________   ________________   ___________________________
     (лауазымы)              (қолы)       (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.)

                                М.О.

____________________   ________________   ___________________________
     (лауазымы)              (қолы)       (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.)

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің    
белсенді шараларына қатысатын     
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа  
орналасуына жәрдемдесуді және оларға 
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
6-қосымша              

Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыруға
№ ______ жолдама

___________________________________________
(қатысушының Т.А.Ә.)

      Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасына қатысушы
__________________ облысының ________________________________________
(облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар
қаланың)
Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған 20__ жылғы ____________ №
__ әлеуметтік келісімшарттың шарттарына сәйкес және келісім негізінде
________________________________________________________________ айға
(бірінші бағыт шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа
орналасу, үшінші бағыт шеңберіндегі әлеуметтік жұмыс орны мен жастар
практикасы кезінде толтырылады)
_____________________________________________________________________
                          (ұйым/мекеме атауы)
ұйымға ______________________________________________________________
                        (кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша тұрақты жұмысқа/инфрақұрылымдық жобаларды
іске асыру шеңберінде бос жұмыс орындарына/әлеуметтік жұмыс
орнына/жастар практикасына орналасу үшін ____________________________
                                           (жұмыс берушінің атауы,
                                        мекенжайы, байланыс телефоны)
жіберіледі.

Жұмыспен қамту
орталығының директоры                                            қолы

Ұсыну мерзімі

М.О.

---------------------------------------------------------------------
                             (кесу сызығы)

Жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

Жолдамаға № ______ хабарлама

_____________________________________________ (жұмыс берушінің атауы)
201_ жылғы ___________ Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына
қатысушы ____________________________________________________________
                           (қатысушының Т.А.Ә.)
201_ жылғы ________________ жасалған келісімшартқа сәйкес (201_ жылғы
_________ № ___ бұйрық) 201_ жылғы _________________ дейінгі мерзімге
(тұрақты жұмысқа қабылдаған кезде толтырылмайды)
_____________________________________________________________________
                        (кәсібі/мамандығы бойынша)
ретінде тұрақты жұмысқа/инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
шеңберінде бос жұмыс орындарына/әлеуметтік жұмыс орнына/жастар
практикасына қабылданды.

Жұмыс берушінің жауапты өкілі
                             ________________________________________
                                        (қолды таратып жазу)
М.О.


Дата вступления в силу:  18.07.2011
Дата изменения акта:  27.07.2015
Дата принятия акта:  18.07.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 20 шілде, № 305-306 (26700); "Казахстанская правда" от 21.07.2011 г., № 225 (26646); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 47, 639-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  59886
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  815
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002002000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz