2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткiштерiн түзету және "Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 811 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткiштерiн түзету былайша жүзеге асырылсын:
«                                                 мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерiстер
(+, -)

Әкiмшi

Бағдарлама




II. Шығындар

0

002



Қорғаныс

0


202


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

0



002

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

- 66 246



006

Жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау

66 246

                                                               ».

      2. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
      реттік нөмірі 3-жолдың 3-бағанында:
      «102» деген сандар «170» деген сандармен ауыстырылсын;
      «89» деген сандар «146» деген сандармен ауыстырылсын;
      «349» деген сандар «338» деген сандармен ауыстырылсын;
      «15684», «15684» деген сандар «15627», «15627» деген сандармен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов