Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 491 Қаулысы

      Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 500 (бес жүз) тонна көлемінде жүгері тұқымын сатып алуға және оны Бішкек станциясына дейін тасымалдау және жеткізу бойынша шығындарын өтеуге 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 152985654 (бір жүз елу екі миллион тоғыз жүз сексен бес мың алты жүз елу төрт) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.22 № 937 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін 500 (бес жүз) тонна жүгері тұқымын тиеп жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қырғыз Республикасына ізгілік жүгін тасымалдау үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасын Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов