Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Оңалту орталығы 1" және "Оңалту орталығы 2" мемлекеттік мекемелерін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 450 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Оңалту орталығы 1» және «Оңалту орталығы 2» мемлекеттік мекемелері таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірлері 101 және 102-жолдар алып тасталсын;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 11-жолда:
      3-бағандағы «24192» және «17659» деген сандар «24138» және «17605» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңалту орталықтары 54» деген жол алып тасталсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                           К. Мәсімов