27.04.2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 629 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 405-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен Ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 27 сәуірдегі 
N 448 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2007 жылғы 1 қазандағы
№ 863 қаулысымен    
бекітілген        

Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі

      1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      3. «Заңды түлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі.
      5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттык жүйесі.
      6. «Электрондық үкімет» веб-порталы.
      7. «Электрондық үкімет» шлюзі.
      8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі.
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы.
      10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы.
      11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
      12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі.
      13. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі.
      14. «KZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі.
      15. Қазынашылыктың біріктірілген ақпараттық жүйесі.
      16. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі.
      17. «Салықтык есептілікті өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі.
      18. «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі.
      19. «Электрондық мемлекеттік сатып aлу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
      20. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі.
      21. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы.
      22. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
      23. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл порталы».
      24. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.


Дата вступления в силу:  27.04.2011
Дата изменения акта:  10.08.2015
Дата принятия акта:  27.04.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 21 мамырдағы № 211-214 (26612); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 35, 419-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  58680
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  448
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz