Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 270 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «37-1) Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;».
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов