Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Meridian Capital» («Меридиан Кэпитл») жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Venus Airport Investments B.V.» компаниясының пайдасына «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының орналастырылған жай акцияларының жалпы көлемінің 50 %-ын (елу пайызын) құрайтын, «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының 39 207 (отыз тоғыз мың екі жүз жеті) жай акцияларын иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. «SAT Infosystems» (CAT Инфосистемс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Venus Airport Investments B.V.» компаниясының пайдасына «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының орналастырылған жай акцияларының жалпы көлемінің 50 %-ын (елу пайызын) құрайтын, «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының 39 207 (отыз тоғыз мың екі жүз жеті) жай акцияларын иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов