Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы "RINA S.p.a." сыныптау қоғамын тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 194 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 758 қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықаралық жүзуді орындайтын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын "RINA S.p.a." сыныптау қоғамы танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес "RINA S.p.a." сыныптау қоғамын Қазақстан Республикасының танығандығы туралы Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысын белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов