Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 862 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:
      9-тармақтың 3) тармақшасы «экономикалық сынып тарифі бойынша» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына әуе көлігімен «Бизнес» сынып тарифі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов