20.07.2010

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды тіркеу мен есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 51, 687-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1062 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 450-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 шілдедегі
№ 739 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 219, 225-5 және 232-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін есепке алу мемлекеттік функцияларды орындау үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты мониторингтеу мен басқаруды, мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

      Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың есебін жүргізу үшін тіркеу және реттік нөмірлерін (эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылған жағдайда) беру және мәліметтерді тиісті тізілімдерге енгізу жолымен мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Тізілімдер тіркеу журналында және/немесе дерекқорда жүргізіледі.

      Нөмірленген және тігілген, мөрмен және тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының қолымен бекітілген тіркеу журналы мынадай ақпаратты:

      1) тіркеу күнін;

      2) тіркеу нөмірін;

      3) құжаттың атауы мен нөмірін;

      4) жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын және қолын қамтиды.

      Дерекқор ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.

      4. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілгерліктерін тіркеу мен есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мыналар:

      1) мына:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық банк);

      Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрі – мемлекеттік қарыздар);

      2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген қарыздары (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздар);

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері (бұдан әрі – мемлекеттік кепілдіктер);

      4) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктері;

      5) мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар;

      6) мемлекет кепілгерлігі тіркеуге және есепке алуға жатады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Бағалы қағаздарды шығару нысанында тартылған қарыздарды қоспағанда, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарға, мемлекеттік кепілдіктерге, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерге және мемлекет кепілгерліктеріне тіркеу нөмірлерін беру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен тіркеу нөмірінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Үкіметтік қарыздарды тіркеу мен есепке алу

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай нысанда тартқан қарыздарды тіркеу мен есепке алу:

      қарыз шартын жасасу - қарыз шарты негізінде жүзеге асырылады;

      халықаралық нарықтарда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және олардың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде жүзеге асырылады;

      ішкі нарықта мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру нәтижелері және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның көлемі туралы растауы негізінде жүзеге асырылады.

      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанында тартқан қарыздарды тіркеу қарызға реттік нөмірін беру және оны мемлекеттік қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында тартқан қарыздарды тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны мемлекеттік қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын дерекқорға енгізу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару (қарыздың нөмірі және оның ресімделген күні, қарыздың түрі, кредитор, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзімі, сыйақы ставкалары) жолымен жүргізіледі.

      11. Мынадай нысанда тартылған үкіметтік қарыздарды тіркеу:

      қарыз шартын жасасу - оған қол қойылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару - ол орналастырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      11-1. Мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттардың түпнұсқаларын сақтау тәртібі "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

      Ескерту. 2-бөлім 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Ұлттық Банктің қарыздарын тіркеу мен есепке алу

      12. Мынадай нысанда Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тіркеу мен есепке алу:

      қарыз шартын жасасу - тігілген және Ұлттық Банктің мөрімен куәландырылған қарыз шартының көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;

      ішкі нарықтарда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелері және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының оның көлемі туралы растауы негізінде жүзеге асырылады.

      13. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тіркеу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшін шығарылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарынан басқа) қарызға тіркеу нөмірін беру және тіркеу журналына жазу мен оны мемлекеттік қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      14. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды есепке алу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшін шығарылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарынан басқа) қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын дерекқорға енгізу немесе Ұлттық Банктің бағалы қағаздарын шығару (қарыздың нөмірі және оның ресімделген күні, қарыздың түрі, кредитор, қарыз валютасы және сомасы, қарыздың мерзімі, сыйақы ставкалары) жолымен жүргізіледі.

      15. Ұлттық Банк өзі тартқан қарыздарды (айналымдағы ақша базасын реттеу үшін шығарылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарынан басқа) тіркеу үшін осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан кейін немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

      16. Ұлттық Банктің қарыздарын тіркеу осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      16-1. Ұлттық Банк тартқан қарыз шарттарының түпнұсқаларын сақтау тәртібі Ұлттық Банктің ішкі нормативтік актілерімен регламенттеледі.

      Ескерту. 3-бөлім 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын
тіркеу мен есепке алу

      17. Мынадай нысанда жергілікті атқарушы органдар тартқан қарыздарды тіркеу мен есепке алу:

      қарыз шартын жасасу – қарыз шартының түпнұсқасы немесе қарыз шартының нотариалды расталған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;

      ішкі нарықта республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару – мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелері және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының оның көлемі туралы растауы негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанында тартқан қарыздарды тіркеу қарызға реттік нөмірін беру және оны мемлекеттік қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жасалады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      19. Жергілікті атқарушы органдар қарыз шартын жасасу нысанында тартқан қарыздарын тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны мемлекеттік қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жасалады.

      20. Жергілікті атқарушы органдар тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын дерекқорға енгізу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды (қарыздың нөмірі және оның ресімделген күні, қарыздың түрі, кредитор, қарыз валютасы және сомасы, қарыздың мерзімі, сыйақы ставкалары) шығару жолымен жүргізіледі.

      21. Жергілікті атқарушы органдар өздері тартқан қарыздарды тіркеу үшін осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан кейін немесе республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      22. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын тіркеу осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      22-1. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз шарттарының түпнұсқалары қарыз шарттарының сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшеде, арнайы бөлінген сейфте сақталады.

      Ескерту. 4-бөлім 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      22-2. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз шарттарының қолданылу мерзімі өткеннен кейін қарыз шарттары белгіленген тәртіппен мұрағатқа беріледі.

      Ескерту. 4-бөлім 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу мен есепке алу

      23. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу мен есепке алу:

      қарыз шартын жасасу - қарыз шартының түпнұсқасы немесе қарыз шартының нотариалды расталған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;

      борыштық бағалы қағаздарды шығару - облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылар өкілінің оның көлемі туралы мәліметті растауы негізінде жүзеге асырылады.

      24. Борыштық бағалы қағаздар нысанындағы мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу қарызға реттік нөмірін беру мен оны мемлекеттік қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жасалады.

      25. Қарыз шартын жасасу нысанындағы Мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны мемлекеттік қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жасалады.

      26. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын (қарыздың нөмірі және оның ресімделген күні, қарыздың түрі, кредитор, қарыздың валютасы мен сомасы, қарыздың мерзімі, сыйақы ставкалары) немесе облигацияларды шығару проспектісін (облигацияларды шығару проспектісінің нөмірі және күні, шығарылатын облигациялар саны, бір облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртібі, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигациялар айналымы және оларды өтеу туралы мәліметтер, деректемелер, облигация ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.

      27. Қарыз алушылар өздері тартқан, мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу үшін осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан немесе борыштық бағалы қағаздар орналастырылғаннан кейін он бес жұмыс күн ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      28. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік кепілдіктер мен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу мен есепке алу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Мынадай нысанда ұсынылған мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу мен есепке алу:

      кепілдік берушінің мемлекеттік емес қарыз бойынша міндеттемелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдауы туралы қарыз берушінің жазбаша хабарламасы түрінде ресімделген кепілдік міндеттемесі – хат-хабарлама негізінде ол қарыз берушіге берілген мерзімге дейін жүзеге асырылады;

      кепілдік шарты – кепілдік шартының түпнұсқасы немесе кепілдік шартының нотариалды расталған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;

      экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шарты – экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартының түпнұсқасы немесе экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартының нотариалды расталған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу мемлекеттік кепілдік пен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімге тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны мемлекеттік кепілдіктердің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жасалады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30-1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартын жасасу нысанында тіркеу экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартына тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер дерекқорының тізіліміне енгізу жолымен жасалады.

      Ескерту. Қағида 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу мемлекеттік кепілдіктің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің негізгі есептік сипаттамаларын (кепілдіктің нөмірі және оның ресімделген күні, кепілдіктің нөмірі және оның тіркелген күні, кепілдік берілген валюта және сома, кепілдіктің қолданылу мерзімі) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.

      Мемлекеттік кепілдік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сәйкесінше өз қолданысын 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 223 және 225-7-баптарына сәйкес тоқтатады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32-1. Мемлекеттiк кепiлдiктердің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамалары бар түпнұсқалары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның олардың сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.

      Ескерту. 6-бөлім 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 Қаулыларымен.

      32-2. Мемлекеттiк кепiлдiктердің түпнұсқалары мемлекеттік емес қарыз алған түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақталуға жатады.

      Ескерту. 6-бөлім 32-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      32-3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің түпнұсқалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы барлық міндеттемелерді экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ұлттық компаниясы толық орындағанға дейін сақталуға жатады.

      Ескерту. Қағида 32-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу және есепке алу

      33. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу мен есепке алу инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісі, оларды бастапқы орналастыру және көлемі туралы мәліметтерді облигацияларды ұстаушылар өкілінің растауы негізінде жүзеге асырылады.

      34. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу қарызға реттік нөмірін беру мен оны мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздардың дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жасалады.

      35. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектісінің негізгі есептік сипаттамаларын облигацияларды шығару нөмірі және күні, шығарылатын облигациялар саны, бір облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртібі, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигациялар айналымы және оларды өтеу туралы мәліметтер, деректемелер, облигация ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.

      36. Қарыз алушылар өздері мемлекет кепілгерлігімен тартқан қарыздарды тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік емес облигацияларды шығару мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

      37. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

8. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу

      38. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу мен есепке алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет кепілгерлігін беру туралы қаулысының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жасалған кепілгерлік шартының негізінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу кепілгерлік шартына тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны мемлекет кепілгерліктерінің дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      40. Мемлекет кепілгерліктерін есепке алу кепілгерлік шартының негізгі есептік сипаттамаларын (кепілгерлік шартын тіркеу нөмірі және күні, мемлекет кепілгерлігі берілген валюта мен сома, мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.

      Қарыз алушы немесе кепіл беруші кепілгерлік шарты бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігінің қолданылуы тоқтатылады.

      41. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу осы Ереженің 38-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      41-1. Мемлекет кепiлгерлiктерiнің бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамалары бар түпнұсқалары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның олардың сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.

      Ескерту. 8-бөлім 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      41-2. Мемлекет кепiлгерлiктерiнің түпнұсқалары мемлекеттік емес қарыз алған түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақталуға жатады.

      Ескерту. 8-бөлім 41-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 860 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

9. Ерекше шарттар

      42. Мемлекеттік сыртқы қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушыға осы Қағидалардың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тіркеу туралы куәлік береді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Тіркелген құжаттарға, сондай-ақ оның негізінде мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу жүргізілген құжаттарға енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат мұндай өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде есепке алу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылуы тиіс.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін
қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу
ережесіне
1-қосымша

Мемлекеттік сыртқы қарызды тіркеу туралы
КУӘЛІК
20 __ ж. "___" __________ № _____

      _________ қаласы 20 __ ж. "___" _____

      Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қарызды _________ нөмірімен тіркейді

      Қарыз алушы _________________________________________________

      (қарыз алушының атауы, орналасқан жері)

      Қарыз беруші_________________________________________________

      (қарыз берушінің атауы, орналасқан жері)

      Қарыз сомасы ________________________________________________

      (цифрлармен және жазумен көрсету)

      Қарыз валютасы ______________________________________________

      Игеру кезеңі ________________________________________________

      Өтеу кезеңі _________________________________________________

      Өтеу көзі ___________________________________________________

      Ілеспе шығыстардың көздері:

      кредит пайызы/маржасы ________________________________________

      қалдық комиссиясы ____________________________________________

      Мемлекеттік қарызды беру үшін негіздеме ____________________________

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы вице-министрі ____________________

      МО.

  Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін
қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу
ережесіне
2-қосымша

Мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы
КУӘЛІК
20 __ ж. "___" __________ № _____

      _________ қаласы 20 __ ж. "___" _____

      Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кепілдікті _________ нөмірімен тіркейді

      Қарыз алушы _________________________________________________

      (қарыз алушының атауы, орналасқан жері)

      Қарыз беруші ________________________________________________

      (кредит берушінің атауы, орналасқан жері)

      Мемлекеттік кепілдікпен тартылатын қарыздың сомасы

      _____________________________________________________________

      (цифрлармен және жазумен көрсету)

      Мемлекеттік кепілдік шарты __________________________________

      (шарттың нөмірі және күні)

      Қарыз валютасы ______________________________________________

      Мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі ___________________

      Мемлекеттік кепілдікті беру үшін негіздеме __________________

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы вице-министрі ____________

      МО.

  Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін
қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу
ережесіне
3-қосымша

Мемлекет кепілгерлігін тіркеу туралы
КУӘЛІК
20 __ ж. "___" __________ № _____

      _________ қаласы 20 __ ж. "___" _____

      Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекет кепілгерлігінің _________ нөмірімен тіркейді

      Қарыз алушы _________________________________________________

      (қарыз алушының атауы, орналасқан жері)

      Қарыз беруші_________________________________________________

      (облигациялар ұстаушылар өкілінің атауы)

      Мемлекет кепілгерлігі бойынша негізгі борыш сомасы

      ____________________________________________________________________

      (цифрлармен және жазумен көрсету)

      Мемлекет кепілгерлігінің шарты _____________________________________

      (шарттың нөмірі және күні)

      Қарыз валютасы _____________________________________________________

      Қарыздың қолданылу мерзімі __________________________________________

      Мемлекет кепілгерлігін беру негіздемесі _____________________________

      _____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы вице-министрі _____________

      МО.

  Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыздарды,
мемлекет кепілгерлігімен берілетін
қарыздарды, мемлекеттік
кепілдіктерді, экспортты қолдау
бойынша мемлекеттік
кепілдіктер мен мемлекет
кепілгерліктерін тіркеу және
есепке алу қағидаларына
4-қосымша

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы
КУӘЛІК

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 02.07.2019 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті ______ нөмірімен тіркейді.

      Алушы:__________________________________________________

      (экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      Қазақстан Республикасы ұлттық компаниясының атауы және орналасқан жері)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы

      ______________________________________________________________

      (цифрлармен және жазумен көрсету)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік шарты

      ______________________________________________________________

      (шарттың нөмірі мен күні)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі

      ______________________________________________________________

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің негіздемесі

      ______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

      _____________________

      Мөр орны

      _____________________


Дата вступления в силу:  20.07.2010
Дата изменения акта:  02.07.2019
Дата принятия акта:  20.07.2010
Информация об официальном опубликовании акта:  "Казахстанская правда" от 24.07.2010 г., № 193 (26254); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 03 тамыздағы № 312-313 (26156); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 44, 398-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  53566
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  739
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  006009000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz