08.06.2010

Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы (бұдан әрі - Даңқ Кітабы) тағайындалсын.

      2. Мыналар:

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Даңқ Кітабының сипаттамасы бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып айқындалсын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы
8 маусымдағы
№ 538 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын (бұдан әрі – Даңқ Кітабы) жүргізу және сақтау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Даңқ Кітабын жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      3. Даңқ Кітабының жүргізілуі мен сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Даңқ Кітабын жүргізу ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, "Отан" орденіне не "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған адамдарды марапаттау туралы жазбаларды Даңқ кітабына енгізуді қамтиды. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі.

      5. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, "Отан" орденіне немесе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған адамдар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ағымдағы жылы алынған ақпаратты келесі жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі келесі жылғы 1 мамырға дейін Даңқ Кітабына осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын марапатталған адамдар туралы жазба енгізеді.

      Даңқ Кітабына жазбаларды енгізу жылына бір рет жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің музей қорына енгізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жеке қойылған тұғырға орналастырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жоюға жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы
8 маусымдағы
№ 538 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.12.2022 № 1043 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Данқ Кітабының
сипаттамасы
Басылымның техникалық параметрлері

      1. Форматы - 60x90/4 (A3)

      2. Жолақтардың орналасуы - кітаптық

      3. Көлемі - 125 шартты баспа парақтары

      4. Мұқабасы - № 7 стандарт

      5. Мәтіннің ішкі бейнелілігі - 4+0

      6. Тілі - қазақ тілі

Басылымның көркемдік және техникалық безендірілуі

      Кітап жіптермен тігілген A3 (420x300 мм) форматындағы 500 беттен тұрады. Мұқабаның материалы - былғары немесе DEPAR (Италия) былғары орнына қолданылуы, түсі қоңыр-қызыл.

      Мұқабаның алдыңғы бетінің жоғарғы бөлігінде ортада Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі, сол жағында мұқабаның түбіне жақын түссіз өрнекпен орындалған ою орналасқан. "Қазақстан Республикасының Даңк Кітабы" деген кітаптың атауы алтын өрнекпен мемлекеттік тілде орындалған.

      Форзацында тангирге жинақталған және алтын түстес бояумен басылған Қазақстан Республикасы Туының элементі орналасқан.

      Титулы Қазақстан Республикасының Туын бейнелей отырып, бес бояуда.

      Кітаптың ішкі бетінің әрқайсысының жоғарғы бөлігінде Аrіаl гарнитурымен 19-кегльмен басылған "Қазақстан Республикасы" деген мәтін орналасқан. Сол жағында 60x90 мм фотосуретке арналған жиектеме орналасқан.

      Кітаптың ішкі беттеріне арналған қағаз - TINTERETTO (Италия), 150 гр/2.

      Әрбір марапатталушыға 1 парақ бөлінеді, ол арнайы сиямен қазақ тілінде қолмен толтырылады.

      Қаптамасы DEPAR (Италия) былғары орнына қолданылушыдан жасалған. Мұқабаның алдыңғы бетінің жоғарғы бөлігінде ортада Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі, сол жағында түссіз өрнекпен салынған ою орналасқан, "Қазақстан Республикасының Данқ Кітабы" деген мәтін алтын түстес хромдалған металл нақыштамамен орындалған.


Дата вступления в силу:  08.06.2010
Дата изменения акта:  04.10.2023
Дата принятия акта:  08.06.2010
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 37, 318-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  53022
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  538
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  004000000000
Форма акта:  ОПИС / ПОЛ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz