Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 518 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сарыбеков                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы        ғылым вице-министрі, төрағаның
                             орынбасары,

Бекетаев                   - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы            министрлігінің жауапты хатшысы,

Қайырбекова                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы            сақтау вице-министрі,

Нүсіпова                   - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Әсел Бекқызы                 халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,

Телебаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы            вице-министрі,

Өскенбаев                  - Қазақстан Республикасының Туризм
Қайырбек Айтбайұлы           және спорт вице-министрі,

Қабденов                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Мұрат Талапұлы               министрлігі Әкімшілік полициясы
                             комитетінің төрағасы,

Шер                        - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Раиса Петровна               министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау
                             комитетінің төрайымы,

Жаңабай                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Самат Қуанышбекұлы           министрлігінің Консулдық қызмет
                             департаменті директорының міндетін
                             атқарушы,

Нұрахметова                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гауhар Сердалықызы           жанындағы Әйелдер істері және
                             отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
                             ұлттық комиссиясы хатшылығының бас
                             сарапшысы (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы, Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Дүйсекеев Айдын Мали-Задеұлы, Моисеева Нелли Яковлевна, Вощенкова Тамара Анатольевна, Құлназаров Анатолий Қожекенұлы, Федоров Олег Анатольевич, Сейітбатталов Бағдат Жұмабекұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов