02.06.2010

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы

      Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының аумағында «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру» орталығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
      3. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарына тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 7-жолдың 3-бағанында «1592» және «21» деген сандар тиісінше «1607» және «36» деген сандармен ауыстырылсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов


Дата вступления в силу:  02.06.2010
Дата изменения акта:  23.09.2014
Дата принятия акта:  02.06.2010
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 36, 292-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  52869
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  503
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  002000000000 / 001006000000 / 005004001000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz