25.06.2010

"Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақтағы «396-бабының 2-бөлігінде» деген сөздер «396-бабының 1-бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-тармақтың үшінші абзацындағы «соттың құрамы» деген сөздер «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Апелляциялық сатыдағы отырысқа сотталғанның/ақталғанның қатысуы ҚІЖК-нің 408-бабының 3-бөлігіне сәйкес қамтамасыз етіледі, қорғаушының қатысуы ҚІЖК-нің 71-бабында көрсетілген жағдайларда және ҚІЖК-нің 408-бабының 4-бөлігінде көзделген тәртіпте қамтамасыз етіледі.»;
      4) 7-тармақтың екінші абзацында «408-бабының 2-бөлігінде» деген сөздер «408-бабының 2-3-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын, «және 410-бабының 2-бөлігінде» деген сөздер алып тасталсын;
      5) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚІЖК-нің 58-бабының екінші бөлігіне сәйкес, қылмыстық істерді апелляциялық тәртіпте қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.»;
      6) 10-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың ҚІЖК-нің 409-бабының 3-бөлігіне сәйкес мәлімдеген өтініштерін қарағаннан кейін, оларды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы жеке құжат түріндегі қаулы шығарады. Өтініштерді қанағаттандырған кезде оларды қосымша зерттеу қажеттілігі болса, сот қаулыда сот тергеуін жаңартуы туралы көрсетеді және ҚІЖК-нің 409-бабының 5-8-бөліктерінде көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.»;
      төртінші абзац алып тасталсын;
      7) 14-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Апелляциялық саты тараптардың өтініші бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша шағымдарды, наразылықтарды қарау кезінде ҚІЖК-нің 410-бабында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.»;
      екінші абзацтағы «5-бөлігінің» деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Апелляциялық саты отырысында хаттама ҚІЖК-нің 409-бабының 7-бөлігінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.»;
      8) 15-тармақ бірінші абзацтан кейін мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
      «Апелляциялық саты ҚІЖК-нің 411-бабы бірінші бөлігінің 1)-3), 7)-8) тармақтарында көзделген шешімдерді қабылдаған кезде қаулы шығарады. ҚІЖК-нің 411-бабы бірінші бөлігінің 4)-6) тармақтарында көзделген шешімдерді қабылдаған кезде апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің (қаулысының) күшін жою туралы қаулы шығарады, содан кейін ҚІЖК-нің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып, жаңа үкім шығарады. Үкім шығарған кезде ҚІЖК-нің 377-383-баптарының талаптарын қатаң басшылыққа алу қажет.»;
      9) 21-тармақтың екінші абзацындағы «1-бөлігінің 3) тармағына» деген сөздер «2-бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 28-тармақтағы «421-бабының 1-бөлігінің 4), 5), 9) тармақтарында» деген сөздер «421-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сотталушының пайдасына шығарылған ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе өзге де шешімнің күшін прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің не оның өкілінің, сондай-ақ ақтау негіздерімен келіспеген сот ақтаған адамның шағымы бойынша ғана жою мүмкін.»;
      12) 34-тармақта:
      екінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі «жеті» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «ҚІЖК-нің 423-1-бабының 2 және 3-бөліктерінің ережелері жеке қаулыларға қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Апелляциялық сатының үкімін орындауға беру ҚІЖК-нің 423-1-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      13) 35-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаңадан шығарылған қаулы бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы ҚІЖК-нің 423-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыныс енгізеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев


Дата вступления в силу:  25.06.2010
Дата изменения акта:  25.06.2010
Дата принятия акта:  25.06.2010
Информация об официальном опубликовании акта:  "Казахстанская правда" от 17.08.2010 г., № 217 (26278); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені 2010 жылғы тамыздағы № 8
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  105000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  53961
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  18
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  029002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz