Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1386 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 316 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «37151300 (отыз жеті миллион бір жүз елу бір мың үш жүз)» деген сөздер «34324009 (отыз төрт миллион үш жүз жиырма төрт мың тоғыз)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов