Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1220 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі!
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Дермене ауылдық округі елді мекендерінің көшелері тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Дермене ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Дермене ауылдық округі ауылдарындағы көшелерге төмендегіше жаңа атаулар берілсін.
      Дермене ауылы бойынша:
      Ш.Уалиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, Б.Онтаев, А.Құнанбаев, Ғ.Мұратбаев, С.Мұханов, А.Иманов, Қ.Сатпаев, Ж.Жабаев, Б.Майлин, Жаңа алыл, Өркенді, Айбын, Жібек жолы атаулары берілсін.
      Теміржолшы ауылындағы атаулары жоқ көшелерге - Нұрсат, Береке, Қазына, Балдаурен, Асар, Намыс, Ырысты, Өркендеу атаулары берілсін.
      Саналы ауылы бойынша Ақ жол Нұрлы, Ақниет, Бастау, Көрікті, Табыс, Ынталы, Рахат, Өркендеу атаулары берілсін.
      Қаражантақ ауылы бойынша Ақжусан, Аламан, Ақ алтын атаулары берілсін.
      Лесхоз ауылы бойынша Ақиқат, Думан, Қайнар, Сенім атаулары берілсін.
      Шаян ауылы бойынша Екпінді, Ақшуақ, Үлгілі, Тілектес, Бәйтерек, Өркениет атаулары берілсін.
      40-шы разъезд ауылына Ақдала атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Дермене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы іс басқарушысы А.Төрехановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Дермене ауылдық округ әкімі:               Қ.Балқыбек