20.10.2010

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2014 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабы 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 20 қазандағы
№ 1084 қаулысымен  
бекітілген     

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - аумақтық инспекциялар) көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) және 15) тармақшаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 468 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімдіділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу ережелері (бұдан әрі — Ереже) негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» деген бөлімде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» деген кіші бөлімде, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан немесе жергілікті баспасөзде жарияланады.
      5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі - машиналар) техникалық байқаудан өткізу көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады және мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талон немесе көшірмесі беріледі.
      Мемлекеттік техникалық байқаудан өткен машиналарға машиналарды мемлекеттік техникалық байқау журналына «Ақаусыз» деген жазба жасалады және байқаудан өткен жылын көрсете отырып Мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талон беріледі, ол аумақтық инспекцияның инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі барынша рұқсат етілетін күту уақыты - 40 минут;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге арналған орындық, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады). Аумақтық инспекция ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: заңды тұлғалар үшін:
      1) машинаның маркасы және моделі, шыққан жылы, қозғалтқыштың зауыттық нөмірі, мемлекеттік нөмірлік белгінің сериясы және нөмірі көрсетілген теңгерімде тұрған машиналардың тізімі;
      2) машинаның тіркеу құжаттары (техникалық паспорт);
      3) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машиналарды мемлекеттік техникалық байқау актісі (2 дана);
      жеке тұлғалар үшін:
      1) азаматтық жеке басын куәландыратын құжат;
      2) азаматқа тұлғаның мүддесін білдіру өкілеттігі берілгендігін куәландыратын құжат (сенім хат);
      3) бар болған жағдайда, рұқсат етілген белгілері бар тракторист-машинисттің куәлігі;
      4) машинаның тіркеу құжаты (техникалық паспорт);
      5) көлік құралдарына салық төлегенін растайтын немесе көлік құралдарының салық телеуден босатылғанын растайтын құжат.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш еркін нысанда беріледі.
      13. Машинаны жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу үшін тұтынушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен-жайы бойынша аумақтық инспекцияға баруы қажет.
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезінде өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, тегі, күні, кіріс нөмірі көрсетіліп өтініштің көшірмесінде өтінішті тіркелгені жөнінде белгі қойылады және тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні көрсетіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет тұтыныушының өзінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіздер:
      1) осы стандарттың 1-тармағында санамаланған құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну;
      2) машинаның техникалық жай-күйiнiң шығарушы зауыт нұсқаулығына немесе машиналарға қойылатын бекiтiлген техникалық талаптарға, еңбек қауiпсiздiгi жөніндегі ұлттық стандарттарға сәйкес келмеуi;
      3) өзіне тиесілі машиналарды иелерінің олардың техникалық жай-күйін байқау үшін ұсынбауы;
      4) тіркеу мәліметтерінен айырмашылықтар тапқанда, техникалық паспортта машина мен двигательдің зауыттық нөмірлері, мемлекеттік нөмір белгілері жасанды өзгерілген болса.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетуші аумақтық инспекцияның мамандары өз қызметінде:
      1) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын, оның ішінде көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
      2) сыпайы және әдепті болуға;
      3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауға;
      4) қызметті тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың нәтижесі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеме немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда маманның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін мекен-жайы осы стандарттың 1-қосымшада көрсетілген аумақтық инспекция анықтайды.
      22. Тұтынушы көрсетілген қызметтің нәтижелеріне келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының атына мына мекен жай бойынша: 010000, Астана қ, Кеңесары көшесі, 36, каб. 701, тел. (8-7172) 555-761, www.tehnika.@minagri.kz, жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін шағым жасауға құқылы.
      23. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына мына мекен-жайы бойынша: 010000, Астана қ, Кеңесары көшесі, 36, каб. 202, тел. (8-7172) 555-963, www.minagri.gov.kz, жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін шағым беріледі.
      23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      Ескерту. Стандарт 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Шағым жазбаша түрде ресімделеді.
      25. Өтініш берушіге оның шағымын қабылдағаны туралы растау үшін өтінішінің көшірмесіне кіріс нөмірін, мерзімін, шағымды қабылдаған тұлғаның тегін аты-жөнін, тиісті кеңсенің байланыс телефонын, сонымен қатар жауапты алатын жері мен уақытын көрсете отырып мөртаңба қойылады.
      Қабылданған арыз келіп түскен уақытынан бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабардар етіледі.
      26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген техинспекция кеңсесінен алуына болады.

Тракторларды және олардың     
базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилер мен механизмдерді,   
монтаждалған арнайы жабдығы бар  
тіркемелерді қоса алғанда, олардың 
тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік және  
жол-құрылыс машиналары мен     
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналарды жыл    
сайынғы мемлекеттік байқаудан өткізу
бойынша мемлекеттік қызмет    
стандартына 1-қосымша      

Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірі

Ақмола облысы

Ақмола облысының аумақтық инспекциясы

Көкшетау қ. Абай к.,89

8(7162)401494

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81

8(71638)21100, 22312, 20188

Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы

Аршалы к-ті, Комсомол к., 3

8(71644)22483, ф.21634

Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы

Астраханка а., Әл-Фараби к., 49

8(71641)22808, 22286

Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы

Атбасар қ., Жеңіс к.,67

ф. 8(71643) 42902, 41388

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы

Макинка қ., Углинский к., 42

8(71646)21530, ф. 21009

Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы

Егіндікөл а., Жеңіс к.,7

8(71642)21965, ф.21334

Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы

Степняк қ., Рысқұлов к.,2

8(71639)21154, ф.21512

Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы

Ерейментау қ., Степная к., 1

8(71633)23770, ф.23798

Есіл аудандық аумақтық инспекциясы

Есіл қ., Мырзашев к., 96а

8(71647)29387, 21437, ф. 21387

Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы

Жақсы а., Тұқтыбаев к.,1

8(71635)21168, ф.21672

Жарқайын аудандық аумақтық инспекциясы

Державинск қ., Ленин к.,24

8(71648) 91437, 91336

Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы

Зеренді а., Ленин к., 23 а

8(71632) 21250, ф.22558

Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы

Қорғалжын а., Абай к.,72

8(71637)21869, ф.21236

Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы

Балхашино а., Ленин к., 126 а

8(71640)91674, ф.92200

Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы

Ақмола а., Гагарин к., 14

8(71651)31153, 31152

Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы

Шортанды қ., Зеленый айналымы, 5

8(71631) 22520, 21744

Щучье аудандық аумақтық инспекциясы

Щучье қ. Железнодорожная к., 105

8(71636)36236

Степногор қалалық аумақтық инспекциясы

Степногор қ., 2 ш.а., 16 үй

8(71645) 64997, ф. 61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының аумақтық инспекциясы

Ақтөбе қ., Смағұл к, 11

8(7132)244089, ф.241819

Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы

Комсомольское а, Құлымбет к, 6

8(71339)21712; 21182; 21577

Алға аудандық аумақтық инспекциясы

Алға қ, Тамды к, 1

8(71337)31475; ф.31475

Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы

Байғанин қ, Метеостанция к, 33

8(71345)22998; 22076

Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы

Ырғыз қ, Барысбай к, 7

8(71343)21643; 21848

Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы

Батамша қ, Әйтеке би к, 40

8(71342)23106; 23156

Қобда аудандық аумақтық инспекциясы

Қобда қ, Алиата к, 21

8(71341) 21122

Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы

Мәртөк қ, Панфилов к, 50

8(71331)22778; 21747

Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы

Қандыағаш қ., Қалиев к., 14

8 (71333)35550

Темір аудандық аймақтық инспекциясы

Шұбарқұдық қ., Желтоқсан к., 5

8 (71346) 22152; 23217

Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы

Ойыл қ., Бақаев к., 6

8(71332)21821

Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы

Хромтау қ., Спортивная к., 2

8(71336)21741

Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы

Шалқар қ., Үргенішбаев к., 26

8 (71335) 21748

Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы

Ақтөбе қ., Иманов к.,33

8(7132)962558; 230299

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы

Талдықорған қ., Лесная к. 1

8 (7282)261297

Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы

Жансүгіров қ., Сәтпаев к. 2

8(72832)21315

Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы

Үшарал қ., Шуақов к., 30

8(72833)21455

Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы

Бақанас қ., Бижанов к.,4

8(72773)91466

Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы

Есік қ., Пугачев к., н-з

8(72775)41879

Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы

Қарабұлақ қ., Оразбек к.,52

8(72836)30130

Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы

Ұзынағаш а., Сәтпаев к., 117

8(72770)22731

Іле аудандық аумақтық инспекциясы

Өтеген батыр к., Титов к., 33 а

8(72752)22286

Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы

Қаскелең қ., Тәуелсіздікке 10 жыл к.,23

8(72771)23572

Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы

Үштөбе қ., Оспанов к., 8

8(72834)21849

Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыөзек к, Рысқұлов к.,20

8(72840)31280

Көксу аудандық аумақтық инспекциясы

Балпық би к., Сейфуллин к., 5

8(72838)20565

Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы

Жаркент қ.., Иванов к., 94

8(72831)51034

Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы

Кеген а., Лебаев к., 43

8(72777)21911

Сарқанд аудандық аймақтық инспекциясы

Сарқанд қ., Қабанбай Батыр к., 6

8(72839)21089

Талғар аудандық аумақтық инспекциясы

Талғар қ., Абылай хан к., 98

20783

Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы

Шонжы а., Ж. Құдайбергенов к., 119

8(72778)21800

Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы

Талдықорған қ., Қабліс жырау к., 207

8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы

Атырау қ., Орманшар ш.а., 49 а

8(7122)282941; 292071

Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы

Құлсары қ., 8-учаске

8(71237) 55730

Мақат аудандық аумақтық инспекциясы

Мақат к., Орталық алаң, 2

8(71239)31110

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы

Махамбет а., Ветстанция, 1

8(71236)30210

Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы

Миялы а., Құттыбаев к.,16

8(71238)21324

Индер аудандық аумақтық инспекциясы

Индер к., Қаражанов к.,9

8(71234)22244

Исатай аудандық аумақтық инспекциясы

Аққыстау а., Ынтымақ к.,45

8(71231)20952

Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы

Ганюшкино а., Ветстанция, 1

8(71233)23063

Шығыс Қазақстан облысы

Ш. Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы

Өскемен қ., Крылов к., 40

8(7232) 259920, 254008 ф.

Абай аудандық аумақтық инспекциясы

Қарауыл а., Баян к., 25

8(72252)91308

Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы

Аягөз қ., Осенний орамы, 48 а

8(72237)33540

Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Большая Владимировка а., Совхозная к., 38

8(7222)91604

Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы

Бородулиха а., СТО, 4

8(72351)21932

Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы

Глубокое а., Пирогов к., 6

8(72331)22870, 21552

Жарма аудандық аумақтық инспекциясы

Қалбатау а., Мұсылманқұлов к., 21

8(72347)65582

Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы

Зайсан қ., Стамбетова к., 10

8(72340)21393

Зырян аудандық аумақтық инспекциясы

Зырян қ., Бриллин к,55

8(72335)61718

Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Үлкен нарым а., Слямов к.,136

8(72341)21833

Кокпекті аудандық аумақтық инспекциясы

Көкпекті а., Қабанбай к.,81

8(72348)21808

Күршім аудандық аумақтық инспекциясы

Күршім а., Момышұлы к.,12

8(72339)31280

ТарбағатаЙ аудандық аумақтық ииспекциясы

Ақсуат а., Қабанбай к., 24

8(72346)21405

Үржар аудандық аймақтық ииспекциясы

Үржар а., Калинин к.,1

8(72230)34739

Ұлан аудандық аймақтық инспекциясы

Молодежный кенті

8(72338)27366

Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы

Шемонаиха а, Мичурина к., 21

8(72332)30630

Риддер аудандық аумақтық инспекциясы

Риддер қ., Қонаев к.,40

8(72336)40930

Семей қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Семей қ., Павлодарская к., 106

8(72226) 36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы

Тараз қ., Пушкин к., 140-б

8 (7262) 453362

Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыкемер а., Орынқұлов к., 89

8 (72637) 22559, 21931

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы

Аса а., Промышленная к. 3

8(72633)21707, 21257

Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы

080300 Б.Момышұлы а.,93

8(72635)21592, 21311

Қордай аудандық аумақтық инспекциясы

Қордай а., Жібек жолы к., 108

8(72636)42170, 26438

Меркі аудандық аумақтық инспекциясы

Меркі а., Панфилов к., 6

8 (72632) 24888, 24887

Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы

Мойынқұм а., Көшенов к., 5

8 (72642) 24820, 24970

Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы

Құлан а., Асылов к.,54

8(72631)21975, 21221

Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы

Саудакент а., Асанов к.,7

8 (72639) 22052, 22130

Талас аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл ААИ, Қонаев к., 17

8 (72641)21446, 21169

Шу аудандық аумақтық инспекциясы

Төле би а., Асатұлы к.,21

8 (72638) 32587, 32568

Тараз қалалық аумақтық инспекциясы

Тараз қ.,12 ш.а., 23-үй, 22-пәтер

8 (7262) 347201, 347179

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы

Орал қ., Қ. Аманжолов к.,75

8(7112)515446, 507529

Ақжай аудандық аумақтық инспекциясы

Чапаев а., Меңдалиев к.,23

8(71136)92424

Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы

Ақсай қ., Советская к., 81/2

8(71133)21710

Бекейорда аудандық аумақтық инспекциясы

Сайқын а., Жәнікешов к., 16

8(71140)21320

Жаңақала аудандық аймақтық инспекциясы

Жаңақала а., Заправочная к., 2

8(71141)21712

Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы

Жәнібек а., Чурин к., 19

8(71235)21898

Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы

Переметное а., Набережная к., 59

8(71130)22708

Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы

Даринск а., Жеңістің 40 жылдығы к.,43

8(71131)21985

Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы

Қазталов а., Ветстанция к., 1

8(71144)31129

Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы

Қаратебе а., Құрманғали к., 13

8(71145)21468

Сырым аудандық аумақтық инспекциясы

Жымпиты а., Қазақстан к., 15

8(71134)31267

Тасқала аудандық аймақтық инспекциясы

Тасқала а., Ветстанция к.

8(71132)21953

Теректі аудандық аумақтық инспекциясы

Федоровка а., Ленин к., 162

8(71132)21953

Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы

Шыңғырлау а., Сырым Датов к., 108

8(71137)33155

Орал қалалық аумақтық инспекциясы

Орал қ., Конкин к., 5

8(7112)37585

Қарағанды облысы

Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы

Қарағанды қ., Лобода к., 20

8(7212) 563595 567819 ф.

Қарағанды аудандық аумақтық инспекциясы

Қарағанды қ., Прогресс к., 23

8(7212)437823

Қаражал аудандық аумақтық инспекциясы

Қаражал қ., Сардары Сарытоқа к.,1

8(71032)26879

Абай аудандық аумақтық инспекциясы

Абай қ., 3 ш.а.., 42 үй

8(72131)44560

Ақтоғай аудандық аумақтық ииспекциясы

Ақтоғай к., Оразалин к., 14

8(71037)21861

Бұқар жырау аудандық аумақтық ииспекциясы

Ботақара а., Шопанай к.,3

8(72154)21798

Жаңаарқа аудандық аумақтық ииспекциясы

Атасу к., Жамбыл к., 124

8(71030) 27502

Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы

Қарқаралы қ., Игенсартов к., 35

8(72146)31432

Нұра аудандық аумақтық инспекциясы

Киевка к., Ленин к., 2 а

8(72144)22657

Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы

Осакаров қ., Шеткебұлақ к., 1

8(72149)42072

Шет аудандық аумақтық инспекциясы

Ақсу-Аюлы к., Жезқазған қ., 62

8(71031)22280

Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы

Ұлытау а., Бұлқышев к.,30

8(71035) 21204

Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы

Балқаш қ., Желтоқсан к.,20

8(71036)65426

Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы

Жезқазған қ., Балычная к., 16

8(71027)60557

Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы

Теміртау қ., 7 ш.а.., 55 үй

8(72139)88114

Саран қалалық аумақтық инспекциясы

Саран қ., Саран к., 2/1 үй

8(72137)25684

Қостанай облысы

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы

Қостанай қ., Гоголь к., 79 а

8(7142)501199

Алтынсары аудандық аумақтық инспекциясы

Обаған а., Строительная к., 2

8(71445)34113

Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы

Амангелді а., Б. Майлин к., 18

8(71440)21548

Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы

Әулиекөл а., Байтұрсынов к., 48

8(71453)21072

Жангелді аудандық аумақтық инспекциясы

Торғай а., Құлжановтар к., 66

8(71439)21580

Денисов аудандық аумақтық инспекциясы

Денисовка а., Дорожная к., 1

8(71434)91837

Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы

Жітіқара қ., Д.Асанбаев к., 51 үй

8(71435)27656

Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы

Қамысты а., Ленин к.,61

8(71437)22218

Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы

Қарабалық қ., Космонавттар к., 16

8(71441)33285

Карасу аудандық аумақтық инспекциясы

Қарасу қ., Исақов к., 66

8(71452)22062

Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы

Затобольск қ., Терешкова к., 13/1

8(71455)21463

Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы

Боровской а., Алтынсарин к., 83

8(71443)21894

Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы

Қарамеңді а., Шаяхметов к., 2

8(71454)21652

Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыкөл қ., Миронов к., 1 а

8(71451)22740

Таран аудандық аумақтық инспекциясы

Таран а., Западная к., 3

8(71436)36157

Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ұзынкөл а., Октябрдің 60 жылдығы к., 23

8(71444)21842

Федоров аудандық аумақтық инспекциясы

Федоров а., Пушкин к., 56

8(71442)22150

Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы

Арқалық қ., Абай даңғылы, 29

8(71430)70364

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы

Қызылорда қ., Мостовая к., 2

8(7242) 212562, 212568

Арал аудандық аумақтық инспекциясы

Арал қ., М. Сәдібеков к., 118

8(72433)21951

Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы

Қазалы ауданы, Түктібаев к., 78

8 (72438) 23645

Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы

Қармақшы ауданы, Момышұлы к., 101

8(72437)21286

Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы

Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр к., 224

8(7243)131882

Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы

Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93

8(72436)21133

Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы

Шиелі ауданы, Бөгенбай батыр к., 21

8 (72432) 43788

Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы

Жаңақорған ауданы, Мұсақанов к., 105

8(72435)22185

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы

Ақтау қ., 23 ш.а., 39-үй

8(7292) 605040

Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы

Жаңаөзен қ., Мұнайшылар к., 8

8(7234) 32639

Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы

Бейнеу к., Бизнес орталық

8(72932)21167

Қарақия аудандық аумақтық ииспекциясы

Құрық а., Босан батыр к., 6

8(72937) 22330

Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы

Шетпе к., Орталық кітапхана

8(72931)21499

Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы

Форт-Шевченко қ., Ж. Мыңбаев к., 46-үй

8 (72938) 22573

Павлодар облысы

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы

Павлодар қ., Крупская к., 71

8(7182)512078

Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы

Ақтоғай а., ветеринарлық кешен

8(71841)21999

Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы

Ақсу қ., Вокзальная к., 17

8(71837)60742

Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы

Баянауыл а., Әуезов к., 1

8(71840)91506

Железин аудандық аумақтық инспекциясы

Железин а., Чкалов к., 21

8(71831)21154

Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы

Ертіс а., Интернациональная к.,6

8(71832)21189

Качир аудандық аумақтық инспекциясы

Тереңкөл а., Байтұрсынов к. 234

8(71833)22394

Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы

Лебяжі а., Ыдырысханов к., 39

8(71839)21754

Май аудандық аумақтық инспекциясы

Көктөбе қ., ветеринарлық кешен

8(71838)91654

Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы

Павлодар қ., Ленин к., 145

8(7182)324301

Успен аудандық аумақтық инспекциясы

Успенка а, Терешкова к, 18

8(71834)91636

Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы

Шарбақты а, ветеринарлық кешен

8(71836)21692

Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы

Екібастұз қ, Геологическая к, 205 а

8(71873)36057

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы

Петропавл қ, Казахстанская правда к, 66

8(7152)360141

Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы

Саумалкөл а. Озерная к, 4

8(71533)21190

Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы

Талшық а. Ветеринарная к, 1

8(71546)21562

Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы

Смирнов а., Жұмабаев к, 3

8(71532)22489

Ғабит Мүсірепов аудандық аумақтық инспекциясы

Новоишим а. Ауелбеков к, 34

8(71535)21640

Есіл аудандық аумақтық инспекциясы

Явленка а. Фурманов к, 12

8(71543)22485

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы

Преснов а. Интернациональная к, 35

8(71544)22855

Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы

Бескөл а. Новая к, 20

8(71538)28177

Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы

Булаев а. Водопроводная к, 20

8(71531)22759

Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы

Мамлют а. Больничный городок

8(71541)22259

Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы

Тайынша а. Советская к, 191

8(71536)23037

Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы

Тимирязев а. Целинная к, 13

8(71537)20125

Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы

Кішкенекөл а. С. Маликовк, 124

8(71542)22139

Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы

Сергеевка а. Степная к, 2

8(71534)21435

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы

Шымкент қ, Қабанбай батыр к, нөмірсіз

8(7252)551417

Арыс қалалық аумақтық инспекциясы

Арыс қ., Төле би к., нөмірсіз

8(72540) 21052, 21255ф.

Түркістан қалалық аумақтық инспекциясы

Түркістан қ., Т.Мыңбасы к., 16

8(72533) 43052, 43167ф.

Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы

Шаян а., Қадырбаев к.,32

8(72548) 22012, 21459ф.

Қазығұрт аудандық аймақтық ииспекциясы

Қазығұрт а., Әуезов к., нөмірсіз

8(72539) 22889, 21405 ф.

Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы

Жетісай қ., Маханбет к.,1

8(72534) 67344, 67250 ф.

Отырар аудандык аумақтық инспекциясы

Шәуілдір а, Жібек жолы даңғ., 17

8(72544) 21578, 21337ф.

Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы

Темірлан а., Қажымұқан к., нөмірсіз

8(72530) 21586, 21757ф.

Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы

Қарасу а., Панфилов к., нөмірсіз

8(72531) 20281, 20208 ф.

Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыағаш қ., Майлы қожа к.,

8(72537) 22890, 21413 ф..

Созақ аудандық аумақтық инспекциясы

Шолаққорған а., Төреқұлов к., 1

8(72546) 42420, 41305ф.

Төле би аудандық аумақтық инспекциясы

Леңгір қ., Есенқұлов к., 55

8(72547) 61427, 62585 ф.

Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы

Т. Рысқұлов а., Жантұров к., 17

8(72538)52440 ф.

Шардара аудандық аумақтық инспекциясы

Шардара қ., Қасымов к., 17

8(72535) 21309, 22369 ф.

Алматы қаласы

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Алматы қ., Медеу ауданы, Мақатаев к., 15

8(7272) 302792, 738776

Астана қаласы

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы

Астана қ., Фурманов к., 6

299278

Тракторларды және олардың базасында 
жасалған өздігінен жүретін шассилер 
мен механизмдерді, монтаждалған   
арнайы жабдығы бар тіркемелерді   
қоса алғанда, олардың тіркемелерін, 
өздігінен жүретін ауыл шаруашылы5ы, 
мелиоративтік және жол-құрылыс    
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
өтімділігі жоғары і арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік байқау өткізу бойынша
мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)





Дата вступления в силу:  20.10.2010
Дата изменения акта:  03.03.2014
Дата принятия акта:  20.10.2010
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 09 қарашадағы № 461-468 (26311); "Казахстанская правда" от 12.11.10 г. № 306-309 (26367-26370); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 56, 544-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  54979
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1084
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  017001000000 / 001011008000
Форма акта:  ПОСТ / СТНД
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz