15.12.2009

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 541 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 29, 282-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      тақырыбында және 1, 2, 3, 5, 12, 15, 21-тармақтар мен қосымшаларда "түйнекжемістілер", "түйнекжемістілердің" деген сөздер "тамыржемістілер", "тамыржемістілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      ", қайта өңделген" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Техникалық регламенттің талаптары жеміс-көкөніс консервісі өнеркәсібіндегі жалпы қабылданған мынадай топтарға жататын жемістерді, көкөністерді, саңырауқұлақтарды қайта өңдеу өнімдеріне қолданылады:

      жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) жартылай фабрикаттары;

      жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) жартылай консервілері;

      жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) консервілері, оның ішінде: пасталар, сироптар, компоттар, джем, тосап, тұздық, кетчуп, маринадталған жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар), ұсақталған жемістер (көкөністер), желе, десерт, сироптағы жемістер (көкөністер);

      салқындатылған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) өнімдері;

      тез тоңазытылған жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар);

      ашытылған көкөністер;

      тұздалған көкөніс (саңырауқұлақ) өнімдері;

      ылғалданған жеміс өнімдері;

      кептірілген жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар);

      кептірілген жаңғақ (тұқым, бұршақ)

      жеміс (көкөніс) цукаттары.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "- өнімді әзірлеу (жасау);"; деген абзацпен толықтырылсын;

      4-тармақ "шырындарға" деген сөзден кейін "және шырын өнімдеріне, алкогольді сусындарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-бөлімдермен толықтырылсын:

"1-1. Қауіпті факторлар (қатерлер)

      5-1. Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен олардан алынған өнімдердің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): тыңайтқыштардың, уытты элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, нитриттер мен нитраттардың құрамы, жеміс-көкөніс және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады.

      5-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды:

      1) жеміс-көкөніс өнімдерін әзірлеу (жасау);

      2) өндіріске дайындау, қоймаларда, өндірістік үй-жайларда болған, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыс кезінде;

      3) жеміс-көкөніс және басқа шикізатты, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау;

      4) жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін өндіру (дайындау);

      5) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін сақтау, тасымалдау, сату;

      6) кәдеге жарату, жою.

      5-3. Қауіпті факторлардың (қатерлердің) бірі жалған жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Олардың жасандылық фактісін анықтау мақсатында мынадай көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі:

      1) жаңа піскен жемістерде, көкөністерде, тамыржемістілерде антибиотиктердің (консервантардың) болуы;

      2) қарбыз, бүлдірген, шие және басқа да жеміс, көкөністердің пісуін тездету үшін қолданылатын нитриттер мен нитраттардың, басқа да қоспалардың болуы;

      3) сиропта, маринадта, тұздық суында, құймада дайындалған жеміс-көкөніс өнімдерінің жалпы нетто салмағындағы негізгі жеміс-көкөніс өнімдерінің салмағы;

      4) қызанақ өнімдерінде - толтырғыштардың, қоюландырғыштардың (крахмалдың), жасанды бояғыштардың (кармуазин, амарант, понсо 4R, эритрозин, қызыл 2G, "АС ерекше қызыл", тартразин, "күнбатыс сары", хинолинді сары және индигокармин), жасанды хош иістендіргіштердің болуы;

      5) жеміс-көкөністі желеде - толтырғыштардың, қоюландырғыштардың (крахмалдың), жасанды бояғыштардың, жасанды хош иістендіргіштердің болуы;

      6) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - каротиноидтардың (альфа- бета- және гамма-каротиндер, лютеин, ликопин, зеаксантин, нейроспорин, бета-криптоксантин, фитоен, фитофлюен, виолаксантин, биксин және норбиксин) болуы;

      7) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - А охратоксиннің болуы;

      8) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - синтетикалық тәттілендіргіштердің (сахарин, аспартам, К ацесульфам, цикламат) болуы;

      9) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінде - генетикалық түрлендірілген объектілердің болуы;

      10) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген басқа көрсеткіштер.

1-2. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта
өңдеу өнімдерін сәйкестендіру

      5-4. Жеміс-көкөніс өнімдерін сәйкестендіру олардың таңбалануы мен сыртқы түрін қарау, қимасында сыртқы түрін, иісін, дәмін және консистенциясын бағалап, үлгілерінің сынақтарын өткізу арқылы жүргізіледі. Сынақтар мен бақылау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

      5-5. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін сәйкестендіру мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

      1) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін осы Техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу;

      2) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы Техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау;

      3) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау;

      5-6. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру осы техникалық регламент, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері туралы сипаттама толық болмаған жағдайда жүргізіледі.

      5-7. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары (орталықтары) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде жүргізеді.

      Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізеді.

      5-8. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, жемістерге, көкөністерге, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, жемістерге, көкөністерге, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының зат белгілеріндегі ақпаратта және жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі.

      Тиісті стандарттарда жемістердің өлшемі мен пішіні, қабығы мен жұмсағының боялуы, қабығының қалыңдығы және төзімділігі, жұмсағының консистенциясы, дәмі және хош иісі, құрамында биологиялық белсенді заттардың болуы сияқты көрсеткіштер бойынша сипатталатын жаңа піскен жемістердің, көкөністер мен тамыржемістілердің осы партияға тиесілілігі өнімнің тауарлық сорты, помологиялық сорты, көкөністердің әр түрлілігі, жүзімнің ампелографиялық сорты, жаңғақтың тауарлық-помологиялық топтары, ботаникалық сорты жемістердің сорттық типі сияқты белгілер бойынша және өнімнің басқа ерекше белгілері бойынша айқындалады.

      5-9. Жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді жүргізу нәтижелері талданады және бірдейлендіруді жүргізу хаттамасы түрінде ресімделеді, оның мазмұны мыналарды:

      1) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін бірдейлендіруді жүргізген ұйым туралы мәліметтерді;

      2) заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы) және деректемелері, дара кәсіпкер - жеке тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты;

      3) бірдейлендірілетін өнімдердің атауын, олардың жіктеу белгілерінің атауын;

      4) оларды бірдейлендіруді жүргізу кезінде пайдаланылған жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтерді;

      5) жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды (арнайы таңбалау болған кезде), арнайы таңбалауды көрсету;

      6) жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (оларды өткізу қажет болса) сынаудың (зерттеудің), оның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін;

      7) орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы, жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемі туралы мәліметтерді;

      8) осы өнім партиясының мөлшерін;

      9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтерді;

      10) соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің сипаттамасын қамтитын баска да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы, қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге өзіндік ерекшелік) атауын;

      11) қажеттілігін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілейтін қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны;

      12) осы өнімнің өтінім берілген атауға және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды.

      5-10. Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндірістен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс.

      5-11. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған жемістерді, көкөністерді, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар етеді.";

      6-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "көкөністер немесе жемістер - шекілдеуікті (алма, алмұрт, беже және т.б.), сүйекті (өрік, алхоры, шие, шабдалы және т.б.), цитрусты (апельсин, лимон, мандарин, грейпфрут және т.б.), субтропикалық және тропикалық жемістер (інжір, анар, манго, ананас, банан, авокадо және т.б.), жидектер (жүзім, қарақат, қарлыған, бүлдірген және т.б.), жаңғақтар (түйе жаңғақ, самырсан жаңғағы, бадам жаңғағы, жержаңғағы, фундук және т.б.) болып бөлінетін өсімдіктердің бұта және ағаш тұқымдары өнімдерінің жеуге жарамды жемістері;";

      он төртінші абзац "жемістен" деген сөзден кейін "(көкөністен) немесе көкөністер мен жемістердің белгіленген технологияға сәйкес әзірленген қоспасынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      он алтыншы абзац алынып тасталсын;

      жиырма үшінші абзацта "мармеладтар (повидло)" деген сөздер "повидло" деген сөзбен ауыстырылсын;

      отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші абзацтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) жартылай консервілері - нақты өнім түріне арналған нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілген температурада шектеулі сақтау мерзімі ішінде өнімнің микробиологиялық тұрақтылығына және өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік беретін герметикалық орамадағы, жылумен және (немесе) өзге өңдеуге ұшыраған, қолдануға дайын жемістерді (көкөністер, саңырауқұлақтар) қайта өңдеу өнімдері;

      маринадталған жемістер, (көкөністер, саңырауқұлақтар) - жаңа піскен, тұздалған немесе тез мұздатылған бүтін немесе кесілген бір немесе бірнеше түрдегі жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан), ас тұзы және (немесе) қант, тағамдық органикалық қышқылдардың, дәмдеуіштер мен олардың сығындысының ерітіндісі құйылған тағамдық өсімдік майы мен көк-сек қосып немесе қоспай дайындалған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) консервілері;

      жемістер (көкөніс, саңырауқұлақ) тұздығы - ұсақталған және (немесе) үгітілген жаңа піскен жемістерден (көкөністерден, саңырауқұлақтардан) немесе олардың жартылай фабрикаттарынан, немесе жемістердің көкөністер мен саңырауқұлақ қоспасынан, дәмдеуіштерден дайындалған, қант, тұз, тағамдық органикалық қышқылдар және көк-сек қосылған немесе қосылмаған жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) консервілері;

      ұсақталған жемістер (көкөністер) - жеміс (көкөніс) массасын білдіретін жеміс (көкөніс) консервілері, бұл ретте ұсақталған жеміс (көкөніс) консервілері сияқты қант және (немесе) тұз қосып немесе қоспай немесе жартылай фабрикат түрінде дайындалуы мүмкін шырыны мен артық жұмсағын бөлмей механикалық әсер ету жолымен белгіленген технологияға сәйкес дайындалған бүтін жаңа піскен немесе тез мұздатылған жемістер алынған иондық сәулемен өңдеуден басқа, физикалық тәсілмен консервіленген бөлшектерінің мөлшері 3-5 мм ұсақталған жеміс (көкөніс) консервілері;

      жеміс (көкөніс) желесі - бозартылған немесе бозартылмаған жеміс (көкөніс) шырындарынан, сығындыдан немесе жемістің (көкөністің) концентратталған шырындарынан, қанттан немесе қанттардан, және (немесе) қант алмастырғыштардан, және (немесе) тәттілеуіштерден, желелейтін заттардан, хош иістендіргіштен және (немесе) татымды хош иістендіргіш өсімдіктердің сығындылары, тағамдық органикалық қышқылдар, тағамдық бояғыштар мен консерванттар қосып немесе қоспай дайындалған, жемістің берік желелік консистенциясы бар жеміс (көкөніс) консервілері, бұл ретте жеміс (көкөніс) желесінде жемістер, көкөністер немесе олардың бөліктері, тұқым дәні және біркелкі бөлінген жалпы массада баска да өсімдік құрамдас бөліктері болуы мүмкін;

      жемісті (көкөністі) десерт - жаңа піскен, салқындатылған немесе тез мұздатылған бүтін және (немесе) кесілген, және (немесе) бір немесе бірнеше түрдегі жемістен (көкөністен), қант немесе қанттар және (немесе) табиғи тәттілеуіштер, жарма немесе басқа да тағамдық ингредиенттер, қоюлатқыштар, тағамдық органикалық қышқылдар, тағамдық хош иістендіргіштер және тағам бояғыштарды қосып немесе қоспай дайындалған көкөніс (жеміс) консервілері;

      сироптағы жемістер (көкөністер) - жемісті бөлігінің массалық үлесі кемінде 45 пайызды құрайтын жаңа піскен, салқындатылған, тез мұздатылған немесе кептірілген, бүтін немесе кесілген бір немесе бірнеше түрдегі жемістен (көкөністен) немесе қанттан немесе қанттардан жасалған сироп құйылған, тағамдық органикалық қышқылдар, пектин немесе тұрақтандырғыштар қосып немесе қоспай дайындалған көкөніс (жеміс) консервілері;

      шикізатты жуу - таза шикізаттың микроорганизмдермен тұқымдану дәрежесі бойынша кейіннен бақылай отырып, жуу машиналарында ластаушыларды, улы химикаттарды, қоспаларды және микроорганизмдерді жою;

      сұрыптау - жеміс-көкөніс шикізатын сапасы, пісіп жетілуі, түсі бойынша бөлу;

      инспекция - шикізатты тексеру, жарамсыз (механикалық зақымдалған, зеңделген, дұрыс емес пішінді, көгерген т.б.) түрлерін сараптау;

      суға салып қою - жеміс-көкөніс шикізатының консистенциясын, ісінуін, сіңімділігін жақсарту үшін суда немесе тұздың органикалық қышқылдардың судағы ерітінділерінде ұстау;

      бұқтыру - жемістердің немесе көкөністердің қарайып кетпеуін болдырмау, сыртын алып тастау, нитриттер (нитраттар) құрамын азайту, ащы дәмін, өзіне тән иісін жою үшін аз уақыт аралығында өнімді қайнаған сумен немесе бумен өңдеу;

      тазалау - қабықтарынан, сүйектерінен, тұқымдарынан, жеміс сабақтарынан, тұқым камераларынан және т.б. - жеуге жарамсыз немесе тағамдық жағынан құны темен бөліктерінен ажырату процесі. Тазалаудың химиялық, паротермиялық, суыту және механикалық әдістерін қолданады;

      жеміс-көкөніс шикізатын үгіту - ұсақтау немесе кесу арқылы жеміс-көкөніс шикізатының талшық құрылымын механикалық бұзу;

      сүрту - жеміс-көкөніс шикізатын арнайы сүрту машиналарында өңдеу үдерісі, оны езбе тәріздес өнімдер өндірісі кезінде жылумен өңдеуден кейін жүргізеді;

      жемістерді (көкөністерді, саңылауқұлақтарды) консервілеу - жемістер (көкөністер, саңырауқұлақтар) микроорганизмдерінің тіршілігін және биохимиялық процесін баяулатуды (тоқтатуды) және тиісті ыдысқа кейіннен буып-түюді көздейтін, өнімді қалыпты жағдайда (мұздатқышта емес) сақтаған кезде оның микробиологиялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өңдеу тәсілдері (процестері);

      тауарлық сорт - бір немесе бірнеше сапалық көрсеткіштері бойынша белгілі бір тауар түрінің градациясы.";

      9-тармақта:

      "Жемістер мен көкөністерді" деген сөздер "Жаңа піскен түрінде сатуға, сондай-ақ қайта өңдеуге арналған жемістер мен көкөністерді, жеміс-көкөніс өнімдері өндірісі кезінде пайдаланылатын басқа шикізатты, компоненттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Көкөністердің сыныптамасы осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Саңырауқұлақтардан жасалатын өнімдерді шығару үшін тек жаңа піскен жеуге жарамды, жиналғаннан кейін сапасы төмендей бастағанға дейін бірден өңдеуге немесе техникалық қайта өңдеуге ұшыраған саңырауқұлақтарды пайдалануға жол беріледі.

      Жеміс-көкөніс шикізатын қайта өңдеуге (бұқтыруға, тазалауға, кесуге, үгітуге, сүртуге) дайындаудың кейінгі процестерін жүргізген кезде қайталама механикалық, химиялық, микробиологиялық ластауға жол берілмейді.

      Технологиялық процесте пайдаланылатын су ауыз суға қойылатын қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс. Шикізаттың қосымша ластануын болдырмау үшін жууға пайдаланылатын су, егер оны тиісінше өңдеу көзделмесе, айналмалы болмауы тиіс.";

      20-тармақтың бірінші абзацында "Құрғақ" деген сөз "Құрғатылған, концентратталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақта "қоспалар" деген сөзден кейін ", қосалқы технологиялық құралдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Келіп түскен жеміс-көкөніс және басқа да шикізаттың әрбір партиясы мынадай көлік құжаттарымен және тауардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен сүйемелденуі тиіс:

      1) тауарлық-көлік жүкқұжаты;

      2) шикізаттың техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      3) фитосанитарлық сертификат (Қазақстан аумағына әкелінген өсімдік шаруашылығы өнімдері үшін);

      4) карантиндік сертификат (облысаралық жеткізу кезінде өсімдік шаруашылығы өнімдері үшін).";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:

"3-1. Жеміс-көкөніс өнімдерін буып-түю және таңбалау

      26-1. Жеміс-көкөніс өнімдерін таңбалау "Буып түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентіне, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға, сондай-ақ осы бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.

      26-2. Жеміс-көкөніс өнімдері өнімнің осы түрлерін тасымалдау және сақтау шарттары сақталған кезде айналымның барлық сатыларында оның сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, буып-түйіледі.

      Жеміс-көкөніс өнімдерін механикалық зақымданудан сақтау үшін өнімнің әрбір түріне тән көліктік және тұтыну ыдысы пайдаланылады, олардың түрлері.тиісті нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген. Тұтыну ыдысы таңбалаудың (затбелгі жапсырудың) тасушысы болып табылады, ал консервілер үшін — қосымша мөртаңбалар.

      26-3. Егер мөлшері шағын (бір жағының ауданы 10 см2-ден аспайды) орауышқа (ыдысқа) тұтынушыға арналған ақпараттың қажетті мәтінін түсіру мүмкін болмаса, онда ақпаратты топтық орауышқа (ыдысқа) немесе жеке немесе топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа орналастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ өнім (тауар) жинақтап сатылатын топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігі тұтынушыға арналған ақпаратпен қоса жіберіледі.

      Тұтынушыларға өнімді (тауарды) алдын ала өлшеп салынбаған түрінде өткізу кезінде, өнім (тауар) сауда үй-жайларында (сатылатын орындарда), оның ішінде сатып алушының көзінше өлшеп салынған жағдайда, олар туралы ақпаратты орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа, өнімнен (тауардан) тікелей жақын жердегі баға көрсеткішке немесе ақпараттық параққа орналастыруға рұқсат етіледі.

      Сату орындарында қаптарға салынған өнімде (тауарда) буып-түйілген немесе өлшеп салынған ұқсас өнім үшін көзделген ақпарат болуға тиіс. Тұтынушыға арналған ақпарат қаптарға бекітілген зат белгілерге жазылады.

      Өнімді (тауарды) дайындаушы (өндіруші) тұтынушыға арналған ақпаратты орауыштың (ыдыстың) бірлігінің тек сол бір жеріне орналастырады.

      Тұтынушыға арналған ақпаратты оқу үшін қолайлы бір немесе бірнеше орынға орналастыруға рұқсат етіледі.

      Жаңа піскен жемістерді (көкөністерді) таңбалауда:

      1) тауарлық сорты (бар болса);

      2) өнімді өңдеудің және (немесе) буып түюдің ерекше тәсілдерін көрсету;

      3) жинау күні, буып-түю күні;

      4) қорғалған топырақта өсірілген өнім туралы ақпарат (қорғалған топырақта өсірілген өнім үшін);

      5) сақтау шарттары болуы тиіс.

      26-4. Қайта өңделген, оның ішінде консервіленген жеміс-көкөніс өнімдерін таңбалау кезінде:

      1) массасы немесе негізгі өнімнің массалық үлесі (сиропта, маринадта, тұздықта, құймада дайындалған өнімдер үшін);

      2) өнімнің тағамдық құндылығы (арнайы мақсаттағы өнімдерінде дәрумендер, күлдер, қоспалар құрамын көрсете отырып);

      3) шикізатты, жартылай фабрикатты немесе дайын өнімді өңдеудің ерекше әдістері (атауына қосылады);

      4) тауарлық сорты (бар болса);

      5) дайындалған және буып-түйілген күні (консервілер үшін дайындалған күні);

      6) жарамдылық мерзімі;

      7) диабеттік өнімдерге арналған тәттілеуіштердің болуы;

      8) өнімді қолдану мен дайындау жөніндегі ұсынымдар (қажет болған кезде) көрсетіледі.

      26-5. Жеміс-көкөніс өнімдерінің атауы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) өнімнің атауында сорттық түрі көрсетіледі, мысалы: тиісінше "сүйегінен бөлінетін шабдалы" немесе "сүйегінен бөлінбейтін шабдалы" және тиісінше "сары шабдалы (ақ, қызыл, немесе жасыл)";

      2) өнімнің өзіне және қасиеттерін елеулі дәрежеде айқындайтын жекелеген тұздықтар, қоспалар немесе дәмдеуіштер "-бен (-пен)" немесе "-та (-те)" деген жалғаулармен белгіленеді, мысалы "Сары май қосылған тұздықпен" немесе "Өсімдік майы қосылған тұздықта".

      Егер өнім мөлшері бойынша калибрленген болса, жемістің не диаметрі, не тиісінше "ұсақ", "орташа", "ірі" деген сөздер көрсетіледі.

      Жеміс-көкөніс консервілерін таңбалау кезінде шартты белгілер түріндегі ақпарат орамда: затбелгісінде, қақпағында, түбінде орналастырылады.

      26-6. Жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес оның дайындаушысы белгілейді.

      26-7. Дайындаушы белгілеген сақтау және тасымалдау шарттары жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімі ішінде осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.

      Тазаланбаған, кесілмеген немесе өңделмеген картопты қоса алғанда, жаңадан піскен жемістер мен көкөністерге жарамдылық мерзімін көрсету талап етілмейді.";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Сақтау және тасымалдау"

      27, 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ұзақ сақталуы арнайы жеміс-көкөніс сақтау орындарында, тоңазытқыштарда, дайын өнім қоймаларында жүзеге асырылады.

      Өнім оның жағдайын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болатындай етіп орналастырылады. Жаңа піскен жемістер, көкөністер, тамыржемістер үшін желдету мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет.

      Жеміс, көкөніс, тамыржемістердің әрбір сортына, түріне өзінің сақтау режимдері (қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылық) қолданылады.

      28. Жеміс, көкөніс, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ластану қатерін барынша азайту шартымен, олар көлік құралдарында және (немесе) контейнерлерде орналастыруға және сақтауға жатады.

      Жеміс-көкөніс өнімдерімен бірге басқа тамақ өнімдерін немесе өзге жүктерді бір уақытта тасымалдау үшін көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді пайдалану кезінде жаңа піскен және қайта өңделген жеміс-көкөніс өнімдерінің жанасуына, ластануына және органолептикалық ерекшелігінің өзгеруіне жол бермейтін жағдайлар қамтамасыз етіледі.

      Жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары және (немесе) контейнерлер немесе сыйымдылықтар осындай өнімдердің қажетті температурасын сақтап тұру үшін тиісті түрде жабдықталады.

      Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған көлік құралдары мен үй-жайлар үнемі механикалық тазалаудан, жуудан және қажет болған кезде дезинфекциядан өткізіледі.";

      6, 9, 10-бөлімдер алынып тасталсын;

      Техникалық регламентке 1-қосымшадағы мына:

      "

0601

Пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар, түйнекті пияздар, бұтақталғандарды қоса алғанда, вегетативтік тыныштықтағы, вегетация немесе гүлдену жағдайындағы тамыр сабақтары; 1212-тауар позициясындағы тамырлардан басқа, өсімдіктер және шашыратқының тамырлары:

0601 10

- вегетативтік тыныштық жағдайындағы бұтақталғандарды қоса алғанда, пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар, түйнекті пияздар:

0601 10 100 0

- - гиацинттер

0601 10 200 0

- - нарцистер

0601 10 300 0

- - қызғалдақтар

0601 10 400 0

- - гладиолустар

0601 10 900 0

- - өзгелері

0601 20

- пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар, түйнекті пияздар, бұтақталғандарды қоса алғанда, вегетативтік тыныштықтағы немесе гүлдену жағдайындағы тамыр сабақтары, өсімдіктер және шашыратқының тамырлары:

0601 20 100 0

- - өсімдіктер және шашыратқының тамырлары

0601 20 300 0

- - орхидеялар, гиацинттер, нарцистер және қызғалдақтар

0601 20 900 0

- - өзгелері

0602

Өзге де тірі өсімдіктер (олардың тамырларын қоса алғанда), қаламшалар немесе сұлатпа бұтақтар; саңырауқұлақтың жіпшумағы:

0602 10

- тамырланбаған қаламшалар мен сұлатпа бұтақтар:

0602 10 100 0

- - жүзімнің

0602 10 900 0

- - өзгелері

0602 20

- телінген немесе телінбеген, жеуге жарайтын жемістер немесе жаңғақтар беретін ағаштар, бұталар және бұташықтар:

0602 20 100 0

- - тамырланбаған қаламшалар мен сұлатпа бұтақтар

0602 20 900 0

- - өзгелері

0602 30 000 0

- телінген немесе телінбеген

0602 40

- телінген немесе телінбеген раушандар:

0602 40 100 0

- - телінбеген немесе қаламшаланған

0602 40 900 0

- - телінген немесе қаламшаланған

0602 90

- өзгелері:

0602 90 100 0

- - саңырауқұлақтың жіпшумағы

0602 90 200 0

- - ананас өсімдіктері

0602 90 300 0

- - көкөніс дақылдарының өсімдіктері, бүлдірген және құлпынай


- - өзгелері:


- - - ашық топыраққа арналған өсімдіктер:


- - - - ағаштар, бұталар және бұташықтар:

0602 90 410 0

- - - - - орман ағаштары


- - - - - өзгелері:

0602 90 450 0

- - - - - - тамырланған қаламшалар және жас өсімдіктер

0602 90 490 0

- - - - - - өзгелері


- - - - ашық топыраққа арналған өзге де өсімдіктер:

0602 90 510 0

- - - - - көпжылдық өсімдіктер

0602 90 590 0

- - - - - өзгелері


- - - қорғалған топыраққа арналған өсімдіктер:

0602 90 700 0

- - - - кактустарды қоспағанда, тамырланған қаламшалар және жас өсімдіктер


- - - - өзгелері:

0602 90 910 0

- - - - - кактустарды қоспағанда, гүлшанақтар немесе гүлі бар гүлдейтін өсімдіктер

0602 90 990 0

- - - - - өзгелері:


      "

      деген жолдар алынып тасталсын;

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
N 2119 қаулысына
қосымша
"Жемістер, көкөністер,
түйнекжемістілер мен оларды
қайта өңдеу өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне 3-қосымша

Көкөністер сыныптамасы

      Көкөністер сыныбы екі кіші сыныпқа бөлінеді: вегетативтік және жемісті көкөністер. Вегетативтік көкөністерде тамаққа өсімдіктердің вегетативті органдары пайданылады: тамырлары, түйнектері, сабақтары, гүл шоғырлары, жапырақтары; жемісті көкөністерде - жемісі ғана қолданылады.

Кіші сыныбы

Вегетативтік көкөністер

Жемісті көкөністер

Тобы

Түрі

Тобы

Түрі

Түйнек жемістілер

картоп, топинамбур (жер алмұрты), батат (тәтті картоп)

Қызанақты көкөністер

кызанақтар, баялдылар, бұрыш, қанжапырақ

Тамыр жемістілер

сәбіз, қызылша, шалғам, шомыр, шалқан, ақжелкен, балдыркөк, ботташық, тарна

Асқабақ көкөністер

қияр, патиссондар, кәдіш, қарбыз, қауын, асқабақ

Қырыққабат көкөністер

Ақ қауданды және қызыл қауданды қырыққабат, савайлық, броколли, брюссельдік, кольраби, түрлі-түсті, қытайлық, пекиндік қырықкабат

Дәнді-бұршақты дақылдар

көкөністік ас бұршақ, үрме бұршақ, атбас бұршақ, қант жүгерісі, вигна

Пиязды көкөністер

Пияз, сарымсақ, көк пияз (порей, батун, шалот, шнитт, слизун, хош иісті, көп қабатты)



Салатты-саумалдық көкөністер

салат, саумалдық, қымыздық, мангольд, кресс-салат



Татымды көкөністер

аскөк, тасшөп (тимьян), эстрагон, кориандр, насыбайгүл, зере, ақжелкек.



Десерттік көкөністер

рауғаш, қасқыржем, бөрікгүл





Дата вступления в силу:  15.12.2009
Дата изменения акта:  30.01.2017
Дата принятия акта:  15.12.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2010 жыл 13 қаңтар № 8-9 (25855); "Казахстанская правда" от 04.03.2010 г., № 49 (26110); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 59, 518-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  49307
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  2119
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005010000000 / 005011000000 / 019005000000 / 024003000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz