15.12.2009

"Жарылғыш материалдарды өндіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жарылғыш материалдарды өндіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2118 қаулысымен
бекітілген

"Жарылғыш материалдарды ендіру үдерістерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Жарылғыш материалдарды өндіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) қарапайым, түйіршіктелген аммиак-селитралық, эмульсиялық жарылғыш материалдарды өндіру үдерісіне қолданылады.

      2. Жарылғыш материалдарды өндіруге байланысты қатерлер мыналарға бөлінеді:

      1) өрт туындау және жанудың жарылуға ауысу қатері;

      2) тасымалдау кезінде авариялық жағдайдың туындау қатері;

      3) найзағай жасынының қоймаға, өндіру бойынша цехқа, тасымалдау кезіндегі автомобильге тура түсу қатері;

      4) жарылғыш материалдар құрамына кіретін зиянды компоненттердің зиянды әрекеттесуімен байланысты қызмет көрсетуші персоналдың ауруының туындау қатері;

      5) өндіру және жою кезінде қоршаған ортаның ластану қатері.

      3. Келтірілген қатерлерді төмендету өндірісті жобалау сатыларында, дайындау, сақтау, тасымалдау, жарылғыш материалдарды жою үдерісінде жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:

      1) жарылғыш зат - химиялық зат немесе сыртқы әсерлердің белгіленген түрлері кезінде жылу шығарумен және газ пайда болумен жылдам өздігінен таралатын химиялық түрленуге бейім берілген құрамдағы заттардың қоспасы;

      2) жарылғыш материалдар - құрамына жарылғыш заттар, бастау құралдары, атқылау және жарылу аппараттарын қамтитын термин;

      3) жарылғыш материалдарды жою - жарылғыш материалдарды, олар жарылысқа айналуға қабілетсіз жағдайға қайтымсыз келтіру;

      4) жарылыс қауіптілігі - қандай да бір затта, жағдайда немесе үдерісте жарылыс туындау мүмкіндігі;

      5) қарапайым түйіршіктелген аммиак-селитралық жарылғыш заттар - құрамында сұйық немесе тез балқығыш мұнай өнімді түйіршіктелген селитра қоспасы бар, тікелей тау-кен өндіру саласының ұйымдарында және мамандандырылған зауыттарда дайындалуы мүмкін өнеркәсіптік жарылғыш заттар;

      6) өнеркәсіптік жарылғыш материалдар - өнеркәсіпте жарылыс

      жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш материалдар;

      7) тыйым салынған аудан - ұйымның сыртқы қоршауының сыртындағы авариялық жағдайда жарылыстың (өрттің) залалды факторына ұшырауы мүмкін және құрылыс жүргізуге болмайтын аумақ;

      8) тыйым салынған аймақ - ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сыртқы қоршауға жанасатын аумақ;

      9) эмульсиялық жарылғыш заттар - құрамына сумайлы эмульсия кіретін аммиак-селитралы жарылғыш заттардың әр түрлілігі.

3.Ғимараттар мен құрылыстарды салуда және жобалауда аумақ
таңдау кезіндегі жалпы талаптар

      5. Жарылғыш материалдар (бұдан әрі - ЖМ) өндірісін жобалауда және салуда жер учаскесін таңдау кезінде ЖМ сақтау орындары үшін тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар есепке алынады.

      Ұйымдардың тыйым салынған аймақтары мен тыйым салынған аудандары өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, халықты және сыртқы объектілерді ұйымның аумағында туындауы мүмкін жарылыстың, өрттің залалды факторларының әсер етуінен қорғауға арналады.

      6. ЖМ өндіруші ұйым жүргізетін жұмыстарды қоспағанда, ЖМ өндірісін ескі жабық немесе қолданыстағы көмір, руда немесе өзге де қазбалар үстінде, пайдалы қазбалардың барланған қабаттарының үстінде, ұшақтар ұшатын әуе жолдары астында, аумақтарының астында әр түрлі жерасты жұмыстарының өндірісіне орналастыруға жол берілмейді.

      ЖМ дайындау пункттерін жарылыс жұмыстарын жабық тау-кен қазбаларының үстінен жүргізетін ұйымдарда орналастыру кезінде, жер қабатының түсіп кетуіне жол бермейтін шаралар қамтамасыз етіледі.

      7. Зиянды булар мен газдардың бөлінуі мүмкін ғимараттар басқа ғимараттарға, әсіресе қызметкерлер саны көп болатын өндіріс ғимараттарына қарағанда желдетілетін жаққа қарай орналастыру көзделеді.

      8. ЖМ-мен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда ЖМ-ға тікелей күн сәулесінің түсуіне жол берілмейді.

      9. Ғимараттардың тірек және қоршау конструкциялары жанбайтын

      металдан дайындалады.

      10. Жарылғыш заттар (бұдан әрі - ЖЗ) шаңының бөлінуі мүмкін үй-жайларда бақыланбайтын бос орындары бар (қабатты қабырғалар, көпбостықты төсемелер) қоршама конструкцияларын, аспалы төбелер құрылғысын пайдалануға рұқсат берілмейді.

      Коммуникациялық еден асты арналары мен шұңқырлар бұл үй-жайларда оларда жарылыс және өрт қауіпті өнімдердің жинақталуын болдырмайтын бітеу орындалады немесе барлық ұзындығы бойына құммен толтырылады. Коммуникация өтетін орындарда іргелес үй-жайларда жеңіл түзетілетін жанбайтын материалдан жасалатын, іргелес үй-жайларға жарылыс және өрт қауіпті өнімдердің енуіне кедергі келтіретін тығыздауыштар орнатылады.

      11. ЖМ жұмыс жүргізілетін ғимараттардың жабындылары мынадай

      талаптар ескеріле отырып орындалады:

      тірек конструкциялары темір-бетоннан (құрама немесе монолитті) дайындалады, металл конструкцияларды пайдалануға жол беріледі;

      конструкциялардың қосалқы элементтері (тақта, төсеме) жанбайтын материалдардан орындалады, жанудан қорғалған, нашар жанатын материалдарды пайдалануға жол беріледі.

      12. Аммиакты, натрийлі, калийлі және кальцийлі селитра дайындау үй-жайларында, селитра ерітіндісін әзірлеу, мұнай өнімдерін дайындау, эмульсия дайындау, қоспалау-зарядтау машиналарын тиеу, жылжымалы қоспалау қызмет көрсету қондарғылары алаңдар мен баспалдақ сатылары шаңның жинақталуын болдырмайтын металдан жасалады (електен өткізілген металдан жасалған, болат жолақтан дәнекерленген) майлы немесе эмаль бояумен боялады.

      13. Ғимараттың төбе жабындысы жеңіл алынып тасталатын жанбайтын (жұмсақ) төбе жабындысы материалдарынан орындалады.

      14. Ғимараттардың үй-жайларында едендерді жабу мұнай өнімдерінің әрекетіне, технологиялық үдерістің ерекшеліктеріне байланысты химиялық агрессивті заттарға, пайдалану шарттары мен агрессивті әсер ету сипаттамасына төзімді болады.

      15. Едендер, қабырғалар мен төбелер дымқыл тазалау жүргізуге

      мүмкіндік беретін ылғалға төзімді болады. ЖМ мен оның компоненттерін

      сақтайтын үй-жай едендері асфальтбетонды немесе бетонды; ЖМ дайындау

      мен қайта өңдеу үй-жайлары - асфальтбетонды немесе әктасты жыныстармен толтырылатын жұмсақ бетонды болуы көзделеді.

      16. ЖМ сынау және қалдықтарды жоюға арналған (смета түрінде, өндіріс ақауы, істен шыққан) алаңдарды (полигондарды) орналастыру орындары, олардың өлшемдері олар жүргізілетін жұмыстардың сипатына сәйкес болатындай таңдалады. Орындарды таңдаған кезде жағу кезіндегі сәуле және жылу энергиясының, қопару кезіндегі ауа толқынының соққылық күші, сынықтардың мүмкін болатын ұшқындау қашықтығы, пайда болатын жану өнімдерінің мөлшері мен құрамы, сондай-ақ желдің бағыты ескеріледі.

      17. Жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету үшін алаңдардың адамдар мен ЖМ үшін жеке блиндаждары (жасырынулары) болуы тиіс.

      Блиндаждарға (жасырынуларға) кіре беріс ЖМ жану немесе жарылу орындарынан қарама-қарсы жағынан орналастырылады. ЖМ сынау және қалдықтарды жоюға арналған орындар алаң ортасына жақын орналастырылады.

      18. Болуы мүмкін жарылыстың таңданыс туғызатын факторларының ғимаратқа әсерін төмендету үшін, ғимараттар арасында бөліну қашықтықтарын азайту мақсатында соққылау толқынының бағытын өлшеу үшін қорғаныс құрылғылары көзделеді.

      19. Көліктік құрылғыларды жобалау кезінде өндіру ерекшеліктері, ЖМ тиеудің шекті нормалары есепке алынады, қозғалыс қауіпсіздігі мен тиеу-түсіру операцияларын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленеді.

      20. ЖМ-мен тиеу-түсіру операциялары механикаландырылады.

      21. ЖМ өндірісінің жылумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жобалау технологиялық қажеттіліктерді қамтамасыз етуді есепке алумен, жылу мен су берілудің кенет шектелуі кезінде үдерістердің авариясыз тоқтатылуымен, авариялық жағдайларды Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат берілген құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес жоюға арналған қажеттіліктер есебімен орындалады.

      22. ЖМ өндірісіне арналған ғимараттар мен құрылыстардың желдету

      жүйелерін жобалау кезінде ауаға зиянды булардың, газдардың, шаңдардың

      бөлінуі есепке алынады, осы үй-жайлардың негізделген желдетілуі

      қарастырылады. Бұл ретте желдету, өрттің бір үй-жайдан басқасына шиберлер ауа тығындауыштарын орнатумен ауа құбырлары бойынша берілу мүмкіндігін болдырмайтын жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      23. ЖМ қоймалары орам сыртында ылғалдың жинақталуын болдырмауға

      арналған табиғи түрдегі сорып желдету жүйесімен жабдықталады.

4. Өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      24. ЖМ дайындау үшін қолданылатын жабдықтар, компоненттердің

      физика-химиялық және жарылғыштық ерекшеліктері мен дайын ЖМ-ның:

      соққыға, үйкелуге, оң және теріс температуралардың әсеріне, химиялық

      белсенділік пен жаңа өнім түзу қабілеттілігіне, электрленуге, шаң

      жинаушылыққа бейімділігі, басылып қалушылыққа, белінгіштікке, пневмо

      тасымалдауға немесе құбыр бойынша айдалуға және басқа да жабдықтың

      жұмыс істеу қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама әсер ететін қасиеттерін есепке алумен жобаланады және әзірленеді.

      25. Жобаланатын жабдықтардың конструкциясы, техникалық сипаттамалар:

      ЖМ механикалық әсерлерге тартылатын желілерді қарау мен тазалау үшін, жарылғыш заттар, майлар және басқа өнімдер қалдықтарының жинақталуы мүмкін орындарға еркін кіру мүмкіндігін;

      ЖМ-га механикалық әсер етуді қауіпсіз деңгейге дейін шектеуді;

      түтіктерді, құбыржолдардың жерлестірілген өткізгіштерін, тартуды, электрөткізгішті пайдалану кезінде қажалудан сақтауды;

      берілген жылу режимі параметрлерінің сақталуын, оның ішінде ЖМ-мен байланыста болатын түйіндер мен бөлшектердің қызып кетуін болдырмауды, температураны бақылауды;

      ЖЗ компоненттерінің шамалануын;

      шаңды басуды;

      операциялар дәйектілігін қауіпті бұзылудан бұғаттауды;

      қауіпті операцияларды қашықтан немесе автоматты басқаруды;

      технологиялық үдерістерді (параметрлерді) анық және уақтылы бақылауды;

      қауіпті (авариялық) режимнің туындауы туралы сенімді жарық және дыбыс сигнализациясын қамтамасыз етеді.

      26. ЖМ өндіру кезіндегі қауіпсіздік осы Техникалық регламент

      талаптары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталу жолымен

      қамтамасыз етіледі.

      27. Зертханаларда ЖЗ-мен барлық операциялар жеңіл және ауыр булар мен газдарды шығару үшін жоғарғы және төменгі сорғыштармен жабдықталған жанбайтын материалдан жасалған соратын шкафтарда жүргізіледі.

      28. ЖЗ үлгілері бар ыдыс заттың атауымен, партия нөмірімен, үлгіні алу және оның келіп түскен мерзімі көрсетілген жапсырмамен (немесе жазумен) жабдықталады.

      29. ЖМ-мен жұмыс жүргізген кезде ашық отты, электр аспаптарын

      қолдануға, химиялық тұрақтылықты төмендететін, жануға, тұтануға, жарылуға соқтыратын ұшқын түзетін немесе қызуы мүмкін операция жүргізуге жол берілмейді.

      30. ЖМ-ды зертхананың бір үй-жайынан басқасына қауіпсіз

      тасымалдауға арналған құралдармен жабдықталған жәшіктерде тасымалдауға және сәйкесінше айыру белгілерімен рұқсат беріледі.

      31. Қалдықтарды жинау, тазалау және қайта өңдеу кезінде негізгі

      өндірісте міндетті қауіпсіздік шаралары сақталады.

      32. Өндіріс қалдықтары:

      технологиялық үдеріске тікелей қайта оралатын (пайдаланылатын қалдықтар);

      тазалауды немесе қосымша қайта өңдеуді талап ететін және технологиялық үдеріске қайта оралатын;

      жоюға жататын түрлерге бөлінеді.

      33. Қалдықтарды қайта өңдеу немесе тазалау сериялық өндіріс тоқтатылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тауарлық өнімді өндіру мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуді бірге жүргізуге рұқсат берілмейді. Қалдықтардың бір түрін қайта өңдеу аяқталғаннан кейін жабдықтар тазартылады және осыдан кейін қалдықтардың басқа түрін артуға рұқсат беріледі.

      34. Қалдықтарды қайта өңдеуге немесе жоюға жіберу сәтіне дейін

      уақытша сақтау, ЖМ сақтау орындарына қойылатын талаптарға сәйкес

      жабдықталған оқшауланған үй-жайларда жүзеге асырылады.

      35. ЖМ шығару кезінде болуы мүмкін жану жағдайлары мен

      жарылыстың алдын алу үшін статикалық электр тогынан қорғау бойынша

      шаралар жүзеге асырылады.

      36. Қауіпті электростатикалық разрядтар туындау мүмкіндігінің алдын алу үшін мыналар көзделеді:

      бейтараптаушыларды қолдану;

      әр түрлі таңбалы зарядтармен бейтараптанатын байланысқа түсетін материалдар жұбын іріктеу;

      қоршаған атмосфераны ылғалдау;

      статикалық зарядтардың жинақталуын болдырмайтын арнайы киімдерді қолдану.

      37. Статикалық электр зарядтарының пайда болуы мен түзілуі мүмкін барлық технологиялық жабдықтар (аппараттар, ыдыстар, байланыстар, жұмыс үстелдері мен стеллаждардың жабындары, жабдықтар) электр өткізгіш материалдардан дайындалады және жерге қосылады.

      38. Заттарды аударып салуды жүргізуге мүмкіндігінше төмен биіктіктен рұқсат беріледі.

      39. ЖМ өндірудің технологиялық регламентімен белгіленген мерзімдерде жабдықты, желдеткіштің ауа құбырларын, ауа сорғыштарды, ауаны аспирациялау фильтрлерін және конструкцияларды жинақталған шаңнан тазалау дымқыл тәсілмен жүргізіледі.

      40. Сусымалы өнімдерді жанатын сұйықтардың буы бар аппарат

      люктеріне тікелей қағаз, полиэтилен, полипропилен, полихлорвинил және

      электрленетін қаптардан артуға жол берілмейді. Арту құрылғылары электр өткізгіш материалдардан жасалады.

      41. Механикалық зақымдануға, технологиялық жабдықтардың

      электрөткізгіш жабындарына сілтілердің, қышқылдардың, органикалық

      еріткіштердің ұзақ уақыт әсер етуіне жол берілмейді.

      42. Құрамында агрессивті химиялық ортасы бар өндірістік үй-жайларда орналастыруға арналған қауіпсіздік белгілері газ тәрізді, бу тәрізді және аэрозольдік химиялық құрамдардың әсеріне төзімді болып орындалады.

5. Буып-түюге қойылатын талаптар

      43. ЖМ-ды буып-түю тасымалдау үдерісінде, берік, ЖЗ шашылуын,

      ағуын толық болдырмайтын, оның ішінде тиеу-түсіру жұмыстары кезінде

      олардың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болып орындалады.

      44. ЖЗ буып-түюі ЖЗ механикалық әсерлерге (соққыға және үйкеліске) сезгіштігін есепке алумен орындалады.

      45. Түйіршіктелген ЖЗ буып-түю үшін көліктік ыдыс ретінде жұмсақ контейнерлерді қолдануға рұқсат беріледі.

      46. Түйіршіктелген және ұнтақ тәрізді ЖЗ буып-түюге пайдаланатын ыдыс тығыз материалдан дайындалады немесе жапсырмамен жабдықталады. Қаптардың қылтасын бітеуге арналған тәсілдер тасымалдау кезінде ЖЗ қылта арқылы шашылуына жол бермейді.

      47. ЖЗ салынған қаптардың қылтасын баумен, тоқыма баумен, тағы басқа метариалмен "тұлымдап" жауып, машиналық тігіспен тігеді. Қышқылға төзімді буып-түюді қажет ететін ЖЗ араласатын қаптар қылтасын байлау мен тігу қышқылға төзімді баумен, тоқыма баумен, жіппен жүргізіледі.

      48. ЖМ таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысының талаптарына сәйкес орындалады.

6. Жарылғыш материалдарды тасымалдау кезіндегі
қауіпсіздік талаптар

      49. ЖМ дайындауға арналған шикізат пен материалдар,

      мамандандырылған көлік құралдарымен немесе осы мақсатқа бейімделген

      жалпы пайдаланылатын көлік құралдарымен тасымалданады.

      50. Ұйымда ЖМ тасымалдайтын көлік құралдарының қозғалысы маршрутының схемасы әзірленеді және оны ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

      51. Автокөлік қозғалысы маршрутының схемасы объект аумағына кіретін жерге ілінеді.

      52. ЖМ тасымалдау үшін жобалық құжаттамаға сәйкес конвейерлік

      көлікті, пневмокөлікті пайдалануға рұқсат беріледі.

7. Сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптар

      53. ЖМ сақтау өндірістік орынжайлар, базалық және шығындық

      қоймалар, контейнер алаңдары шарттарында қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және есепке алынатын дайын өнімді тексеру мүмкіндігімен ұйымдастырылады.

      54. ЖМ қоймаларда сақталу кезінде олардың сыйымдылығын ескере

      отырып орналастырылады.

      55. Сақталуға түскен ЖМ сақтауға қажетті ақпараттық және

      сақтандыратын жазбалары бар тиісті орамада жол беріледі.

8. Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары кезіндегі
қауіпсіздік талаптар

      56. Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылған тәсілмен, көтергіш-көліктік жабдықтар мен шағын механикаландыру құралдарының көмегімен, қол тәсілімен жүзеге асырылады.

      57. Жүктерді қолмен тасымалдау үшін жұмыс істеушілер жүктің сырғанауын немесе құлауын болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

      Жүктерді сүйреуге немесе төңкеруге жол берілмейді.

      58. Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарының басталуы алдында жүк көтеру механизмдерінің, алып-салмалы жүк қарпығыш құрылғылар мен құрал-саймандарының болуы және ақаусыздығы тексеріледі.

      59. Жүктерді асып қою арнайы құрылғыларда немесе асып қою схемаларына сәйкес белгіленген орындарда жүргізіледі.

      60. ЖМ жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарын ыдыстың жарамсыздығы табылған кезде, таңбалау және оның бетінде қорғану жазбалары болмаған кезде жүргізуге рұқсат берілмейді.

      61. Автомобиль көлігінде жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу көлік құралы кабинасында адамдар болмаған кезде жүргізіледі.

      62. Жүктерді қалауға арналған алаңдарда штабельдер шекаралары, олардың арасындағы өтетін орындар белгіленеді. Жүктерді өтетін орындарда орналастыруға жол берілмейді.

      63. Жүктерді тиеуден (түсіруден) кейін жүктер орналасқан вагондар, платформалар, автомобиль шанағы, арту алаңдары жүктердің қалдығынан тазартылады.

9. Жарылғыш материалдарды жоюға қойылатын
қауіпсіздік талаптары

      64. ЖМ жою өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша шешімді қамтамасыз ететін жобалық құжаттамаға сәйкес.

      65. Мынадай ЖМ:

      ұйымның қоймасына түскен кезде ішкі тексеруден өтпеген, кепілдік сақтау мерзімі өткеннен кейін талдау көрсеткіштері сәйкес болмаса;

      жарылыс сынақтары кезінде іске қосылмаған;

      физика-химиялық сынаудан өтпеген үлгілер;

      бұдан әрі қолдануға жарамсыз;

      өндірісте пайданылмаған қалдықтар жойылуға тиіс.

10. Техникалық регламенттің қолданысқа енгізілу
мерзімдері мен шарттары

      66. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін

      қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге тиіс.

      67. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік

      құқықтық актілерін осы Техникалық регламентке сәйкес келтіруді, сондай-ақ олардың бейімделген енгізілуін қамтамасыз етуі қажет.

      68. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Дата вступления в силу:  15.12.2009
Дата изменения акта:  30.01.2017
Дата принятия акта:  15.12.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" газеті 6.01.2010 ж., № 2-3 (25849) "Казахстанская правда" от 11.01.2010 г., № 4 (26065) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 59, 517-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  49346
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  2118
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005010000000 / 008001002000 / 031014000000
Форма акта:  ПОСТ / РЕГЛ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz