Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1191 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 1841 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 1099 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1191 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" деген сөздер "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов