03.11.2009

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімге Қосымша келісімді мақұлдау туралы және Қазақс

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 178 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімге Қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      "Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру" деген бөлімде:
      он екінші абзац "шаралар қабылдайды." деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Көрсетілген мақсат үшін "Самұрық-Қазына" қоры білім алушылардың жекелеген санаттарына кредит беруді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге 15 млрд. теңге мөлшерінде ақшалай қаражат ұсынатын болады.";
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      VIII. "Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қолдау" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 14-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

14-1

Күндізгі оқыту нысанында ақылы негізде білім алатын, оқытудың бүкіл кезеңінде "жақсы" және "үздік" деген бағалардың баламасына сәйкес келетін немесе ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша 65 балдан төмен емес бағалары бар, көп балалы, толық емес және табысы аз отбасыдан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек не ата-аналары мүгедек не зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға ұзақ мерзімді білім беру кредиттерін ұсыну

БҒМ, ДСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Үкіметтің қаулылары

2009 жылғы наурыз, қараша

".

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 3 қарашадағы
N 1747 қаулысымен  
мақұлданған     

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісіміге (2009 жылғы
17 ақпан) қосымша келісім

      Бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан, ______________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан ________________________ ______________ негізінде әрекет ететін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы атынан ___________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы Қосымша келісімді жасады:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 178 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      мәтінде "студенттерге", "студентке", "студенттің", "студенттердің", "студенттен", "студенттер", "студент" деген сөздер "және/немесе магистранттарға", "және/немесе магистрантқа", "және/немесе магистранттың", "және/немесе магистранттардың", "және/немесе магистранттан", "және/немесе магистранттар", "және/немесе магистрант" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "студент - күндізгі оқыту нысаны бойынша ақылы негізде Қазақстан Республикасының білім беру ұйымында білім алып жатқан және жоғары білімнің, оның ішінде базалық медициналық білімнің кәсіптік оку бағдарламасын игеріп жатқан, осы Келісімде айқындалатын талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы;";
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "магистрант - күндізгі оқыту нысаны бойынша ақылы негізде Қазақстан Республикасының білім және ғылым ұйымында білім алып жатқан және магистратурада жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын игеріп жатқан, осы Келісімде айқындалатын талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы.";
      3-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
      7-тармақта:
      1) тармақшадағы "кемінде 15 жыл" деген сөздер "17 жылға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- толық оқу курсын (бакалавриат/интернатура/магистратура) аяқтағаннан кейін 1 жылға;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) кредитті қайтаруды мүлік кепілімен (заттай кепілгерлік) қамтамасыз ету.";
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кепілге мүлік қою мүмкін болмаған жағдайда "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Орталық) кепілдігі беріледі.";
      8-тармақтағы "алдын ала" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы Қосымша келісім кол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

Тараптардың қолдары

Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі       Денсаулық сақтау министрлігі

"Самұрық-Қазына" ұлттық
әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы


Дата вступления в силу:  03.11.2009
Дата изменения акта:  03.11.2009
Дата принятия акта:  03.11.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" газеті 10 қараша 2009 жыл № 369-370 (25767); "Казахстанская правда" от 11.11.2009 г., № 265 (26009); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 55, 450-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1747
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  021008000000 / 024000000000 / 021009000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz