23.10.2009

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 31-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымында көзделген құрылымдық бөлiмшелердi қосу, бiрiктiру құқығын берсiн;
      2) осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.25 № 1204 Қаулысымен.
      2-1. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде аудан мен облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін құрсын.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.02 № 1006 Қаулысымен.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 23 қазандағы
N 1654 қаулысымен
бекітілген  

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі
құрылымы

1. Облыстық әкімдік

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.02 № 1006, 2011.10.25 № 1204, 2012.06.29 № 874, 2012.08.16 N 1053, 2012.11.12 N 1436; 11.04.2013 N 337 қаулыларымен.

      1. Облыс әкімінің аппараты
      2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
      3. Ішкі саясат басқармасы
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.25 № 1204 Қаулысымен.
      5. Денсаулық сақтау басқармасы
      6. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
      7. Мәдениет басқармасы
      8. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы
      9. Білім басқармасы
      10. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      11. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      12. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
      13. Ауыл шаруашылығы басқармасы
      14. Құрылыс басқармасы
      15. Қаржы басқармасы
      16. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
      17. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
      18. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
      19. Жер қатынастары басқармасы
      20. Тілдерді дамыту басқармасы
      21. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
      22. Жастар саясаты мәселелері басқармасы
      23. Туризм басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)
      24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)

2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.23 № 695, 2011.09.02 № 1006, 2011.10.25 № 1204, 2012.06.29 № 874, 2012.08.16 N 1053; 11.04.2013 N 337 қаулыларымен.

      1. Республикалық маңызы бар кала, астана әкімінің аппараты
      2. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы (Астана қаласы)
      3. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
      4. Ішкі саясат басқармасы
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.25 № 1204 Қаулысымен.
      6. Жастар саясаты мәселелері басқармасы
      7. Тұрғын үй басқармасы
      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
      9. Денсаулық сақтау басқармасы
      10. Мәдениет басқармасы
      11. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы
      12. Білім басқармасы
      13. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Астана қаласы)
      14. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      15. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
      16. Құрылыс басқармасы
      17. Қаржы басқармасы
      18. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
      19. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
      20. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
      21. Жер қатынастары басқармасы
      22. Тілдерді дамыту басқармасы
      23. Ауыл шаруашылығы басқармасы
      24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 N 337 қаулысымен.
      25. Туризм басқармасы
      26. Дене шынықтыру және спорт басқармасы
      27. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы
      28. Жолаушылар көлігі басқармасы (Алматы қаласы)
      29. Автомобиль жолдары басқармасы (Алматы қаласы)

3. Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігі

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2255 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.09.02 № 1006, 2012.11.12 N 1436 Қаулыларымен.

      1. Аудан, облыстық маңызы бар кала әкімінің аппараты
      2. Ішкі саясат бөлімі
      3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі
      4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
      6. Жер қатынастары бөлімі
      7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
      8. Білім бөлімі
      9. Кәсіпкерлік бөлімі
      10. Ауыл шаруашылығы бөлімі
      11. Құрылыс бөлімі
      12. Дене шынықтыру және спорт бөлімі
      13. Қаржы бөлімі
      14. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
      15. Ветеринария бөлімі
      16. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі
      17. Туризм бөлімі (Ақмола облысының Бурабай ауданы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 23 қазандағы
N 1654 қаулысына
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 ақпандағы N 141-1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 77-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымының және жергілікті атқарушы органдарының штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 1294 қаулысының 1-тармағының  1) тармақшасы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж.,  N 49, 636-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 900 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж.,  N 35, 385-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы  N 1022 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1230 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 515-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің  1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 15, 144-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы  N 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 34, 355-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы  N 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1107 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 44, 506-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы N 1189 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.


Дата вступления в силу:  23.10.2009
Дата изменения акта:  18.06.2013
Дата принятия акта:  23.10.2009
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  48272
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1654
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001007000000 / 005004001000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz