Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1651 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" әкімшісі бойынша:
      024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында:
      "Астана қаласы" бөлімінде:
      "Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған электр жүйесін қайта жаңғырту" деген жолда:
      "1000000" деген сандар "521601" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында "14 тұрғын үй ауданы" 110/10 кВ ШС салу" деген жолда:
      "121093" деген сандар "563330" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"

Астана қаласында "Көктем" 110/10 кВ ШС салу

36162



".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов