Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 1396 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағындағы БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал-1" алаңына орналастыру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 16973559 (он алты миллион тоғыз жүз жетпіс үш мың бес жүз елу тоғыз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.29 № 2210 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов