Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 1089 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      жиырма бірінші абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы және тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актілердің нысандарын белгілейді";
      15-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "хаттамалар жасау және туристік қызмет, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов