Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 962 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 785 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 41, 458-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Исекешев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Өрентайұлы               көмекшісі"

"Школьник Владимир          - Қазақстан Республикасының Индустрия
Сергеевич                     және сауда министрі";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Бішімбаев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы            көмекшісі"

"Исекешев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы               және сауда министрі";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Молдажанова                - тәуелсіз директор
Гүлжан Талапқызы                                     ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов