Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 544 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 5-жолдың 2 және 3 бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
"Өңірлердің 2010 - 2014 жылдарға" арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамдарын мақұлдау
Әкімдіктер отырыстарының хаттамалары";
реттік нөмірлері 13, 14 және 15-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында "оларға қол қою" деген сөздер "оларды бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 21, 27, 28 және 29-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 31-жолдың 2-бағанында "және аудит" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 32-жолдың 5-бағанында "2010" деген цифрлар "2009" цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов