Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 498 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 31-1), 35-1), 39-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "31-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бағалау өлшемін әзірлейді және бекітеді;
      35-1) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есебінің және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасының нысандарын бекітеді;
      39-1) заңнамаға сәйкес өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;";
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 36-1), 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16-1) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың сатып алуында жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қамту жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелерінің мониторингін және оларды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, оның ішінде жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;
      16-2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
      36-1) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілетін және жүргізілген сатып алу туралы ақпарат сұрау;
      36-2) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарланатын сатып алу туралы ақпарат жинау және талдау;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов