19.01.2009

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.21 № 1659 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 473-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2002 ж., N 28, 311-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 19 қаңтардағы
N 19 қаулысымен    
бекітілген      

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі

      1. Осы Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар (рұқсаттар телнұсқаларын) беру тәртібін анықтайды.
      2. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімді үш данада ұсынады.
      3. Радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
      3) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілген лицензияның көшірмесі;
      4) антенна бағытталуының нормаланған диаграммалары қоса берілген белгіленген үлгідегі радиоэлектрондық құралға арналған сауалнама;
      5) сұралатын жиілік белдеуінің негіздемесі келтірілетін, жоспарланған радиоторабының (радиожелісі) мақсаты мен сипаты, қолдануға жоспарланған радиоэлектрондық құралдардың техникалық параметрлері туралы мәліметтер нақты жазылған түсіндірме жазба, байланыс ұйымының схемасы;
      6) телевизия (радио хабарларын тарату) станцияларын орнату орны көрсетілген болжамды қызмет көрсету аумағының жергілікті жері картасының көшірмесі;
      7) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
      8) азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланатын радиоэлектронды құралдармен электр магниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
      4. Байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың жинақталуын әрі дұрыс ресімделуін тексереді.
      Радиожиілікті белгілеуге арналған өтінімді қарау мерзімі оның тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Өтінім толық жинақталмаған немесе дұрыс ресімделмеген кезде ол қажетті толықтырулар және/немесе түзетулер енгізу үшін телевизия немесе радио хабарларын тарату ұйымына қайтарылады.
      Радиожиілікті тағайындауға арналған өтінім қайта берілген жағдайда оны қарау мерзімі жаңартылады.
      Ереженің 3-тармағында көрсетілген радиожиілікті тағайындауға арналған өтінімнің бір данасы байланыс саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, екінші данасы байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалады, үшінші данасы қорытынды алу үшін ұйымға жіберіледі.
      5. Байланыс саласындағы уәкілетті орган Ереженің 4-тармағының бесінші абзацында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін белгіленген тәртіппен жиіліктер, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) белдеулерін тағайындау рәсімін жүргізеді және Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру және радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу жөніндегі іс-шараларды орындайды.
      Өтінім жасалған радиожиілік (радиожиілік арнасы) бос болған жағдайда, сондай-ақ радиожиіліктерді келісуді және халықаралық үйлестіруді жүргізуде қажеттілік болмаса, байланыс саласындағы уәкілетті орган белгіленген үлгідегі өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей радиожиілік спектрін пайдалануға арналған тиісті рұқсатты ресімдейді. Өзге жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиіліктерді радиожиілік органдарымен келісу рәсімін және Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді шектес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) халықаралық үйлестіруді жүргізеді, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі тиісінше отыз күнге және төрт айға дейін ұзартылады.
      Байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиіліктерді шектес мемлекеттермен халықаралық үйлестіруді жүргізу кезінде өтінім иесіне өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы алдын ала жазбаша нысанда хабарлама береді. Радиожиіліктерді келісу және халықаралық үйлестіру нәтижелері бойынша радиожиілік спектрін пайдалануға тиісті рұқсат ресімделеді не жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.
      6. Радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсат міндетті түрде мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) жиілік, радиожиілік (радиожиілік арнасы) белдеуі және қолданылу түрі;
      2) техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде географиялық координаталарды көрсете отырып, антенна құрылғыларының орналасуы;
      3) хабар беруші құралдың нақты қуаты.
      7. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат телевизия немесе радио хабарларын тарату ұйымына беру үшін байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне жіберіледі. Рұқсатты алғаннан кейін аумақтық бөлімше үш күн мерзімде өтініш берушіге олардан келіп, тағайындалған радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты алу қажеттілігі туралы хабарлайды.
      8. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымды бюджетке енгізгенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін беріледі.
      9. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда, телевизия немесе радио хабарларын тарату ұйымдары байланыс саласындағы уәкілетті органға және оның тиісті аумақтық бөлімшесіне телнұсқасын беруге жазбаша өтініш береді.
      "Телнұсқа" деген белгісі бар радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын төлеуші телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алынатын алым ставкасына сәйкес телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттарды бергеннен кейін байланыс саласындағы уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 15 күннің ішінде береді.


Дата вступления в силу:  19.01.2009
Дата изменения акта:  21.12.2012
Дата принятия акта:  19.01.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 7 ақпан, N 53-56 (25453); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 3-4, 9-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  43556
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  19
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006002000000 / 023008000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz