23.12.2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында :
      "Елдің ипотекалық нарығында тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-бөлімде:
      реттік нөмірі 20-жолдың 5-бағанында "сәуір-желтоқсан" деген сөздерден кейін ", 2009 жыл" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 348 қаулысында :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Астана қаласының әкіміне пәтерлер сатып алуға аудару үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы трансферттер түрінде "41000000000 (қырық бір миллиард) теңге, 2008 жылы - 21500000000 (жиырма бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін, 2009 жылы 19500000000 (он тоғыз миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлу көзделсін.";
      3) (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.26. N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов


Дата вступления в силу:  23.12.2008
Дата изменения акта:  26.02.2009
Дата принятия акта:  23.12.2008
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  42906
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1206
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  006003012000 / 006003014000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz