Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 594 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1176 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 594 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "53083000 (елу үш миллион сексен үш мың)" деген сөздер "41768800 (қырық бір миллион жеті жүз алпыс сегіз мың сегіз жүз)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов