06.11.2008

Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою ережесін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.09 № 1291 (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 223-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 6 қарашадағы
N 1017 қаулысымен  
бекітілген     

Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 223-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, әр атауы (түрі) бойынша оларды аса ірі мөлшерге жатқызу үшін жоғары шектен асатын мөлшерде заттай дәлелдеме болып танылатын, іске қосылатын үлгілерді қоспағанда, сот сараптамасын жүргізгеннен кейін жою тәртібін айқындайды.

2. Жою тәртібі

      3. Сот сараптамасын жүргізу үшін қылмыстық қудалау органы барлық алынған есірткі құралдары мен психотроптық заттарды 24 сағат ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының тиісті бөлімшесіне жібереді.
      4. Сот сараптамасы жүргізілгеннен кейін 48 сағаттан кешіктірмей зерттелген есірткі құралдарын, психотроптық заттарды тергеуші (анықтаушы) заттай дәлелдеме ретінде қылмыстық іске қосады.
      5. Прокурормен келісілген қаулының негізінде тергеуші (анықтаушы) немесе оның тапсырмасы бойынша сарапшы куәгерлердің қатысуымен, міндетті түрде бейнежазбаны қолданып, алынған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың жалпы салмағынан тиісті есірткі құралы не психотроптық зат үшін әр атауы (түрі) бойынша жеке заңда белгіленген аса ірі мөлшеріне тең мөлшерде үлгілер алады.
      Есірткі құралдарының не психотроптық заттардың екі және одан да көп орамдарын алған кезде үлгілер әр орамнан алынады.
      6. Алынған үлгілер оралады, мөрленеді, тергеушінің (анықтаушының), маманның және куәгерлердің қолдарымен расталады, заттай дәлелдеме ретінде іске қоса тіркеледі.
      Іске сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды табу және алу кезінде олар сақталған немесе тасымалданған барлық орамдардың фотокестелері, сондай-ақ аталған орамдардың үлгілері қоса тіркеледі.
      7. Тергеуші (анықтаушы) хаттама толтырады, онда үлгілерді алу үшін қабылданған барлық іс-қимылдар оларды жүргізу ретімен, бұл ретте қолданған ғылыми-зерттеу және басқа да әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілер сипатталады.
      8. Үлгілері алынғаннан кейін қалған есірткі құралдары, психотроптық заттар өлшенеді, оралады, мөрленеді, тергеушінің (анықтаушының), маманның және куәгерлердің қолымен расталады және жойылуға тиіс. Есірткі құралдарын және психотроптық заттарды жою прокурормен келісілген тергеушінің (анықтаушының) қаулысы негізінде жүзеге асырылады, ол үлгілерді іріктеу жүргізілгеннен кейін 72 сағаттан кешіктірмей шығарылады.
      9. Жою сәтіне дейін есірткі құралдары, психотроптық заттар қылмыстық қудалау органының заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жайында мөрленген түрде сақталады.
      10. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою прокурормен жою туралы қаулыны келіскеннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      11. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою комиссиялы түрде жүргізіледі.
      Қылмыстық қудалау органдарында бірінші басшының бұйрығы бойынша саны кемінде бес адамнан тұратын комиссия құрылады, оның құрамына тергеу (анықтау) бөлімшелерінің басшысы не оны алмастыратын адам, істі жүргізген қызметкер, кеңсе қызметкері, заттай дәлелдемелерді сақтауға жауапты адам және денсаулық сақтау органының өкілі кіреді. Комиссия төрағасы болып оны шақыруды және оның жұмысын ұйымдастыратын қылмыстық қудалау органының басшысы орынбасарларының бірі тағайындалады.
      Комиссияның шақырылуы және жұмысы қылмыстық қудалау органының бірінші басшысы бекіткен кестеге сәйкес айына кемінде 3 рет (он күндік сайын) жүзеге асырылады.
      12. Комиссияның бір мүшесі келмеген жағдайда төраға есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою үшін басқа күн белгілейді, бірақ ол бастапқы белгіленген мерзімнен үш күннен кешіктірілмейді. Оның осы мерзімде келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, сол ведомствоның басқа қызметкерімен ауыстыру жүргізіледі.
      13. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою өртеу арқылы жүргізіледі.
      14. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою алдында комиссия ол болған қораптың (пакеттің) бүтіндігін, тиісті қолдар, мөрлер, жазулардың болуын тексереді, оның даралық белгілерін көрсететін тізімдеме деректемелерінің мәліметтерін жоюға негіздеме болған құжатпен салыстырады.
      15. Қандай да бір сәйкессіздік туындаған жағдайда комиссияның барлық мүшелері қол қоятын акт жасап және қылмыстық қудалау органының басшысы мен қадағалаушы прокурорға дереу баяндалады. Сәйкессіздіктің анықталу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі, қорытынды бекітілгеннен кейін есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою жүргізіледі.
      16. Жою рәсімі фото және бейне түсіріліммен қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелуі қажет.
      17. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою туралы әрбір қылмыстық іс бойынша осы Ережеге қосымшаға сәйкес екі данада акт жасалады, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды. Актінің бір данасы іске тігіледі, екіншісі заттай дәлелдемені сақтауға жауапты адамда қалады.
      Бірнеше қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді жою туралы бірыңғай актіні жасауға жол берілмейді.

                            Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық
                             істер бойынша заттай дәлелдемелер болып
                           табылатын есірткі құралдарын, психотроптық
                                    заттарды жою ережесіне
                                           қосымша

     Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою туралы
                              N__ акт

200__жылғы "___"_________               ____________ қаласы (ауыл)

____________________________________________________________________
                        (органның атауы)
мынадай құрамдағы:______________________________заттай дәлелдемелерді
жою жөніндегі комиссиясы
төрағасы____________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
комиссия мүшелері:
      1. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
      2. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
      3. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
      4. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
      5. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
 
 
      1. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
      2. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)
      3. ___________________________________________________________
                        (лауазымы, тегі, аты жөні)

      қатысуымен

      200__жылғы "____"______________ _______________________ негізінде ҚР ҚК _____________ бабы бойынша _____________________
                                            (тегі, аты-жөні)
айыптау (қатысты) қылмыстық іс бойынша алынған және _________________
                                                    (органның атауы)
заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жайда сақтаулы (пакеттің, заттың) мөрлерінің бүтіндігін тексеріп, барлық деректемелерінің дұрыстығын салыстырып, заттай дәлелдеме - есірткі құралын, психотроптық затты жойды (түрі, салмағы, көлемі, саны көрсетілуі тиіс).
Заттай дәлелдеме _________________________________________ аумағында
_____________________________________________________ арқылы жойылды.

      Комиссия төрағасы:                             М.О
_____________________________      ____________________(____________)
        (лауазымы)                         қолы           аты-жөні

      Комиссия мүшелері:      

1. _____________________            ___________________(____________)
2. _____________________            ___________________(____________)
3. _____________________            ___________________(____________)
4. _____________________            ___________________(____________)
5. _____________________            ___________________(____________)

      Ескертпе: есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою туралы акт 2 данада жасалады, N 1 дана - іске (материалға) тігіледі, N 2 дана - заттай дәлелдемені сақтауға жауапты адамға беріледі.


Дата вступления в силу:  06.11.2008
Дата изменения акта:  01.01.2015
Дата принятия акта:  06.11.2008
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 42, 474-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 18 қараша N 348-349 (25319)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  42139
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1017
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  028000000000 / 031015000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz