Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 893 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін "Достық Энерго" акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 284 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін "Достық Энерго" акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесінде:
      2-тармақта "2551500000 (екі миллиард бес жүз елу бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде" деген сөздер "21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      1) тармақшада "жылдық 0,1 (оннан бір) пайызға тең" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне сәйкес белгіленетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "жартыжылдық" және "жарты жыл" деген сөздер тиісінше "жылдық" және "бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін және Қазақстан Республикасының алдындағы Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі Федералдық агенттігінің қарызын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі N 677 қаулысында :
      1-тармақта:
      3) тармақшада "2551500000 (екі миллиард бес жүз елу бір миллион бес жүз мың) теңге сомасына" деген сөздер "21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы сомаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "2551500000 (екі миллиард бес жүз елу бір миллион бес жүз мың) теңгені" деген сөздер "21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы соманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "2551500000 (екі миллиард бес жүз елу бір миллион бес жүз мың) теңге сомасын" деген сөздер "21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы соманы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов