1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгіз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 892 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 4 тармағына және 31 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабау ауылы округі әкімінің ұсынысын ескере отырып, Қарабау ауылы округінің Сынтас ауылының 142,0 гектар жеріне, қосымша 13,7 гектар жайылым жер қосылып, жалпы аумағы 155,7 гектар жерге ұлғайтылып ауылдың шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы аудандық мәслихаттың және аудан әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Д.А. Есіркепов
      Аудан әкімі                                Н.Н. Әжіметов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А.Ж. Омаров